Шымкент - инвесторларға қолайлы қала

image.png    

    Шымкент – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ірі индустриалды және экономикалық орталықтардың бірі. Соңғы жылдары қала инвестициялық тартымдылығын арттыруға, бизнес үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше мән беруде. Шымқала стратегиялық тұрғыда маңызды орынға ие: қала еліміздің барлық аймақтарымен және көрші елдермен тиімді байланысқан көлік жолдарының тоғысында орналасқан. Бұл өндіріс, логистика және экспорттық бағыттағы жобалар үшін үлкен артықшылық береді. Сонымен қатар, заманауи индустриалды аймақтар, өнеркәсіптік парктер мен бизнес-орталықтар инвесторларға кең мүмкіндік ұсынады. Қалада инвестиция тарту үшін мемлекеттік қолдау шаралары кеңінен жүзеге асырылуда. Жеке кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар үшін салықтық жеңілдіктер, қайтарымсыз гранттар, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге арналған жеңілдетілген рәсімдер қарастырылған. Бұл факторлар инвесторларға өз жобаларын тез және тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

    Осы орайда үшінші мегаполисте Қытайдың Сяньань бизнес қауымдастығының өкілдерімен іскерлік кездесу өтті. Тараптар Қазақстанда бірлескен өндірістік жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

       Жобаның негізгі мақсаты- Қытай компанияларының қатысуымен индустриялық парк, полимерлі шатыр панельдерін шығаратын зауыт, балаларға арналған ойын-сауық орталықтары және ауыз су өндіретін брендті қамтитын көпфункционалды индустриялық кешен құру.

 Жоспарланған жобалар:

-индустриялық аймақ салу


-Матрас және жиһаз өндірісін іске қосу


-Бірқатар жаңа өндірістік нысандарды орналастыру

      Бұл бастама жергілікті өнеркәсіпті жаңғыртуға, инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және трансшекаралық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған.

    Үшінші мегаполис – инвесторларға қолайлы және перспективалы қала. Заманауи инфрақұрылым, тиімді логистика, мемлекеттік қолдау және экономикалық мүмкіндіктер бұл қаланы бизнесті дамыту үшін тартымды орталыққа айналдырады. Инвесторларға арналған ашықтық, адалдық және қолайлы жағдайлар қала экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және өңірдің әл-ауқатының артуына үлес қосуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кәсіпкерлерді қолдау – экономиканың дамуына серпін береді
  • Шымкент - инвесторларға қолайлы қала
  • ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰРПАҚҚА МҰРА
  • Шымкентте жұмыссыз тұрғындар жаңа кәсіп үйреніп жатыр
  • 120-дан астам тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер