Шымкент – қауіпсіз әрі жайлы қала

image.png

       Шымкент – еліміздің оңтүстік бөлігінде орналасқан ірі қала әрі мәдени, экономикалық орталық. Соңғы жылдары қала тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде Шымкент заманауи және жайлы қалалардың қатарында ерекшеленіп отыр.

Қалада қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға айрықша көңіл бөлінуде. 2025 жылы қосымша 4 425 дана бейнебақылау камерасы орнатылып, қала көшелерінде бақылау күшейтіледі. Оның ішінде:

- Жалпы бейнебақылау – 3725 дана

- Жылдамдық өлшегіш құрылғылар – 250 орынға

- Жол қиылыстарында – 50 орынға

 Бұл бастама — қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етудің маңызды қадамы.

Бейнебақылау камералары қоғамдық орындардағы құқықбұзушылықтардың алдын алады және жол-көлік оқиғаларының санын азайтып ғана қоймай, жүргізушілердің тәртібін жақсартады.

Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының жұмысын жеңілдетіп, оқиғаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді және қала тұрғындарының өздерін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасайтынына сенімдіміз.

Шымкент қаласының басты артықшылығы – қауіпсіздік пен жайлылықтың үйлесімі. Қалалық билік пен тұрғындардың бірлескен еңбегі қалаға заманауи инфрақұрылым, сенімді қоғамдық орта және жайлы өмір салтын әкелуде. Осындай қадамдар арқылы Шымкент тек оңтүстік өңірдің ғана емес, бүкіл елдің үлгілі қалаларының бірі болып отыр.

Шымкент қаласы инфрақұрылымды дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Жаяу жүргіншілер жолдары, қоғамдық көліктің жаңа бағыттары, жасыл желектер мен скверлер қаланың көркі мен жайлылығын арттырады. Көшелер мен саябақтардағы жөндеу, абаттандыру жұмыстары тұрғындардың демалыс сапасын көтеріп, қалада серуендеуді қауіпсіз әрі қолайлы етеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кәсіпкерлерді қолдау – экономиканың дамуына серпін береді
  • Шымкент - инвесторларға қолайлы қала
  • ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰРПАҚҚА МҰРА
  • Шымкентте жұмыссыз тұрғындар жаңа кәсіп үйреніп жатыр
  • 120-дан астам тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер