Биыл Шымкентте көп қабатты 57 үй салынуда

image.png

Шымкент қаласы соңғы жылдары демографиялық өсімі жоғары, урбанизация қарқыны ерекше қала ретінде тұрғын үй секторын белсенді дамытуда. Қала әкімдігі тұрғындарды баспанамен қамтуды әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі ретінде айқындап, көпқабатты үйлер құрылысы, инженерлік инфрақұрылымды жеткізу және тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру бойынша кешенді шаралар атқарып келеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында қолжетімді тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

 Құрылыс басқармасы тарапынан биыл көп қабатты 57 үй салынуда. Ондағы 3 592 пәтердің жалпы көлемі 283,5 мың шаршы метрді құрайды. Соның ішінде жыл соңына дейін 2412 пәтерлі 31 үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Қазіргі таңда 972 пәтерлі 12 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Атап айтқанда, Ақжайық шағынауданында 5 үй, Бозарық шағынауданында 7 үй берілді. Қалған 19 үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, ел игілігіне беріледі. Айта кетейік, бұл баспаналар «Отбасы банкі» АҚ тарапынан кезектегі тұрғындарға үлестіріледі.

Шымкент қаласының тұрғын үй саясаты бірнеше басым бағытты қамтиды:

• Әлеуметтік санаттағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету

Бұл бағытта кезекте тұрған азаматтарға арналған көпқабатты үйлер салу, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспаналарды ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.

• Жеке тұрғын үй құрылысына жағдай жасау

Инженерлік инфрақұрылым тартылған жаңа шағынаудандар ашылып, жер телімдерін беру кезең-кезеңімен жүзеге асуда.

• Нарықтық тұрғын үй құрылысын қолдау

Құрылыс компанияларына арналған инфрақұрылымдық қолдау, құрылыс салынатын аумақтарды жоспарлау және отандық материалдарды қолдануды ынталандыру – тұрғын үй бағасын тұрақтандыруға ықпал ететін шаралар қатарында.

Шымкент қаласының тұрғын үй саясаты – урбанизация, демографиялық өсім және азаматтардың әлеуметтік сұраныстарымен сабақтас стратегиялық бағыт. Тұрғын үй құрылысын арттыру, жаңа аудандар ашу, инфрақұрылым тарту және қолжетімді баспана көлемін көбейту – қаланың тұрақты дамуының негізгі көрсеткіштері.

Алдағы кезеңде бұл жұмыстар жалғасын тауып, қала тұрғындарын сапалы баспанамен қамту көрсеткішін арттыруға бағытталған жаңа жобалар жүзеге асырылмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ШЫМКЕНТТЕ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛҒАН ЕҢБЕК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
  • В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА ЯРМАРКА ТРУДА, НА КОТОРОЙ ПРЕДЛОЖЕНО ОКОЛО 2 ТЫСЯЧ РАБОЧИХ МЕСТ
  • Солтүстік Қазақстаннан келген делегаттар шымкенттіктерге өңіраралық көші-қон жайында түсіндірді
  • Шымкентте кезекті еңбек жәрмеңкесі өтті
  • Ретсіз сауда орындарымен күрес күшейген
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер