Шымкент қаласының әкімі құрылыс және абаттандыру нысандарын аралады

image.png

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы, «Достық» шағынауданындағы бұрынғы қоқыс полигонының орнына салынып жатқан «Экопарк» құрылысының барысын тексерді. Жаңа қоғамдық кеңістік демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылып жатыр. Жобаның жалпы аумағы 45 гектар. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтарының демалуы үшін барлық қолайлы жағдай жасалады. Жайлы ортаны дамыту басқармасына аумақты сапалы көгалдандыру бойынша тапсырма берілді.

Әкім Әл-Фараби ауданы, А. Асқаров көшесінде заңсыз тұрғызылған ғимаратты бұзу жұмысын тексерді. Жауапты тұлғаларға демонтажды толық аяқтап, аумақты талапқа сай қалпына келтіруді тапсырды. Сондай-ақ «Сайрам» тұрғын алабындағы ежелгі сәулет ескерткіші — «Қызыр» мұнарасына барып, қазіргі жағдайымен және абаттандыру барысымен танысты. Тарихи нысанды сақтау маңыздылығын атап өтіп, қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы мен аудан әкімдігіне жүргізіліп жатқан жұмысты бақылауға алу бойынша тапсырма берді. Бұдан бөлек, «Бадам» су қоймасы аумағында іске асырылып жатқан экологиялық туристік кешен «OMIR SHYMKENT» құрылысын қарап шықты. Кешен тұрақты туризмді дамытуға және табиғат аясында демалыс үшін қолайлы инфрақұрылым жасауға бағытталған. Нысан жетекшілері құрылыс барысы мен жобаның негізгі кезеңдері туралы ақпарат берді.

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, шаһар аумағындағы су жағалауының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және гидротехникалық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Мысалы, «Hydrolife 2050» ЖШС мердігер мекемесі Бадам-2 аймағында өзен дамбасын нығайтып, жағалауды бекітіп келеді. Мұндағы мамандар жұмысты арнайы техникамен атқаруда. Атап айтқанда, құрылыс алаңына шынжыр табанды және дөңгелекті экскаваторлар, таптағыш, жүк тиегіш, сүргіш техника мен ауыр жүк көліктері, трактор — жалпы саны 16 арнайы техника жұмылдырылған. Қазіргі таңда жобаның екінші кезеңінде өзеннің оң жағалауы нығайтылып жатыр. Алдымен дамба еңісі жоспарланып, арматура қаңқасы әзірленеді, одан кейін бетон құйылады. Барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес, тиісті талаптар қатаң сақтала отырып атқарылуда. Жобаның негізгі мақсаты — су тасуының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кәсіпорындарда цифрландыру және технологиялық жаңғырту жұмыстары басталды
  • Алтынтөбе тұрғын алабын газбен қамтамасыз ету жобасы аяқталуға жақын
  • Қазақстан экономикасының өсуі: Cаннан – сапаға қарай
  • Шымкент қаласының әкімі құрылыс және абаттандыру нысандарын аралады
  • В Шымкенте прошла республиканская акция «Народный юрист»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер