Зауытпен бірге өсіп-өркендеген маман

image.png

Өткен айда Ақордада өткен салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ кешені ел экономикасының аса маңызды саласы екенін атап өткен болатын. «Жалпы, еліміздегі мұнай-газ өнеркәсібінің өзіндік дәстүрі, бай тарихы бар. Осы саланың қалыптасып, өркендеуіне бірнеше буын өкілдері зор еңбек сіңірді.  Еңбекқорлық – ең асыл қасиеттің бірі. Мен әр сөзімде осы мәселеге ерекше мән беремін. Маңдай термен келген адал еңбектің қадірін білетін жұрт озық ойлы ұлт болады. Халқымызда «Еңбегіне қарай – құрметі» деген жақсы сөз бар. Еңбек адамы – ел адамы. Еңбек адамы, ең алдымен, туған елінің жарқын келешегі үшін аянбай жұмыс істейтін адам. Сондықтан қазір біз елімізде жұмысшы мамандарын кеңінен дәріптеп, оларға ерекше құрмет көрсетіп жатырмыз»,- деді Президент. 

Қаламыздың өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарының маңдай тері мен тынымсыз тірлігі – бүгінгі бейбіт өмірдің берекесі. Әсіресе ел экономикасының күре тамыры -  мұнай-газ саласында күндіз-түні еңбек етіп жүрген азаматтар   өңірдің дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. 

Ия, расында өмірдің мәні – адал еңбек пен ізгілік. Қарапайым жұмыс орнында тер төгіп, ел дамуына үнсіз үлес қосқан еңбек адамдарының өмір жолы – нағыз ерлікке пара-пар. Осындай азаматтардың бірі – мұнай-химия саласында жарты ғасырға жуық уақыт табандылықпен еңбек етіп келе жатқан Мұрат Әлжанов.

Ол 1985 жылы еңбек жолын Шымкент мұнай өңдеу зауытында бастады, дәл осы жылы кәсіпорын құрылған еді. Алғашқы қадамын Тауар-шикізат цехының химиялық қоспалар учаскесінде оператор ретінде жасады. Біліктілігі мен еңбексүйгіштігінің арқасында 1991 жылы қоймаларды сақтау және құю бөлімінің 5-разрядты операторы болып ауысты. Ал 2010 жылдан бері 6-разрядты аға оператор қызметін атқарып келеді.

Мұнай-химия саласында жарты ғасырдай уақыт тер төккен еңбек жолы – абыройға толы. Жалпы еңбек өтілі – 47 жыл, оның ішінде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-інде 40 жылдан астам уақыт үздіксіз еңбек етуде.

«Бүгінгі таңда жұмыстың басым бөлігі автоматтандырылған, бірақ мұнай өндіру ісі — әлі де көп еңбекті қажет ететін процесс. Қиындықтарға қарамастан, мен бұл мамандықты таңдағаныма еш өкінген емеспін», — дейді ол. 

Мұрат Әлжанов  жас мамандарды өз ісіне адал болуға шақырып, мол тәжірибесі мен білімін үйретуден жалықпайды.

Өмірде отбасы құндылықтарына ерекше мән береді. 1991 жылдан бері шаңырақ көтеріп, екі ұл мен екі қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде 10 немеренің ардақты атасы.

Мұрат Әлжанов – қарапайым еңбек адамының, мұнайшы ұрпағының лайықты бейнесі. Оның өмірі мен еңбегі жас буынға өнеге, отандық мұнай-химия саласына сіңірген еңбегі – мақтаныш.

Мұнай-химия, мұнай-газ саласы бұл – елдің стратегиялық саласы, оның дамуы мемлекеттің энергетикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Қазіргі таңда аталған кешенде 200 мыңнан астам адам еңбек етіп, даңқты еңбек дәстүрлерін жалғастырып, Қазақстан экономикасының өсуіне зор үлес қосып келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ
  • Өзекті мәселелер сөз болды
  • В Акорде состоялась официальная церемония встречи Президента Азербайджана, прибывшего в Казахстан с
  • «Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу
  • Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер