Қырағы маман – өндірістің байлығы

image.png

     Еңбек адамы ұғымы кең мағынада қолданылатын ұғым. Бұл ұғым белгілі бір саланың, кәсіптің немесе өнердің дамуына жанын салып, адал еңбегімен үлес қосатын адамдарды сипаттайды. Бүгінде Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,2 млн адам еңбек етіп, елдің дамуына өз үлесін қосып жүрген болса, олардың ішінде 7 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 75,9%) жалдамалы жұмыс істейді екен. Қазақстан Республикасының Президенті, мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсібилік пен еңбекқорлықтың маңыздылығын ылғи ерекше атап өтеді. Ол еліміздің дамуы үшін еңбекқор және кәсіби мамандар қоғамдағы ең жоғары деңгейде бағалануы керек екенін айтқан болатын. Мемлекет басшысы осындай адамдар елді гүлдендіріп, өркендететінін баса айтты.  Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза, адал жұмыс істейтін, өз еңбегін маңдай терімен табатын кісі. Ол өз ісіне жанашырлықпен қарайды және оны бар ынта-жігерімен орындайды. Ел ішінде көп елене бермесе де, өндірістегі ең қат мамандықтың бірі – слесарь. Бұл мамандықты меңгеру оңай емес. Дегенмен, – «Қуатжылуорталық-3» МКК апаттық-диспетчерлік қызметінде 5-дәрежелі слесарі  Аликулов Жақсыбек бұл мамандықты таңдағанын әр кез мақтан тұтады.

     Жақсыбек Кеңесұлы – жылу жүйелерін жөндеу саласында он жылдан астам еңбек етіп келе жатқан өз ісінің нағыз маманы.

Ол еңбек жолына 1986–1989 жылдары Шымкент қаласындағы №13 кәсіптік-техникалық училищесінде «ағаш ұстасы» мамандығын меңгеруден бастады. Білімін тоқтатпай, 2022–2024 жылдары Кентау көпсалалы колледжінде «машина жасау технологиясы» бойынша кәсіби деңгейін көтерді.

Кәсіптік тәжірибесі де кең ауқымды:

1993–1996 жж. – «Энерготеплоизоляция» кәсіпорнында термоқымтаушы

1996–1999 жж. – «Южказэнерго» Шымкент ЖЭО-да 4-дәрежелі термоқымтаушы

2005–2015 жж. – «3-Энергоорталық» АҚ-та 4-дәрежелі слесарь

2015 жылдан бері – «Қуатжылуорталық-3» МКК апаттық-диспетчерлік қызметінде 5-дәрежелі слесарь

Жақсыбек Кеңесұлы — кәсіби шеберлігімен, ұқыптылығымен және адалдығымен ұжым ішінде зор құрметке ие маман. Жылу жүйесінің сенімді жұмыс істеуі – осындай білікті мамандардың арқасы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ
  • Өзекті мәселелер сөз болды
  • В Акорде состоялась официальная церемония встречи Президента Азербайджана, прибывшего в Казахстан с
  • «Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу
  • Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер