Әкім мұғалімдерді баспаналы еткісі келеді

1535121168.jpeg

Соңғы жылдары мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын көтеру жайы жиі көтеріліп жүр. Жалақысын өсіру туралы ұсыныстар да айтылуда. Ал Шымкенттің әкімі ұстаздарды баспанамен қамтамасыз ету жолын қарастырды. Бұл туралы еліміздің үшінші мегаполисінде өткен дәстүрлі педагогикалық тамыз конференциясындай айтылды. Жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мұғалімдерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім саласын жетілдіру бағытында бірқатар ұсыныс жасады. Конференция барысында мұғалімдерді тұрғын үймен қамту мәселесі назардан тыс қалмады. «Біз «Тұрғын үй жинақ банкінің» жетекшілерімен кездесіп, бұл жөнінде талқылаған болатынбыз. Менің ойымша, бастапқы жарнаны төлеу үшін тұрғын үй сертификатын қарастыра аламыз. Қайрат Ырзақұлұлы, бұл мүмкіндікті қарастырыңыздар», - деді қала әкімі өзінің бірінші орынбасарына. Жиында қаладағы кәсіби білім беретін колледждер үшін шетелдік сарапшылар өздерінің бағдарламалық тәжірибесін ұсынды. Жаңа оқу жылында қала колледждердің бірінде техникалық білім беруді дамыту үшін неміс компаниясы ауқымды оқу жоспарын түзіп қойған.

 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ — ХАЛЫҚТЫҚ ДУМАНҒА ҰЛАСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ПРЕВРАТИЛСЯ В НАРОДНОЕ ТОРЖЕСТВО
  • Шымкенте торжественно отметили День Республики и 35-летие Декларации о государственном суверенитете
  • Шымкентте Республика күні мен Егемендік декларациясының 35 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтт
  • «Нужно ценить каждую минуту на свободе»:
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер