Еңбек – адам өмірінің мәні мен қоғамның іргетасы. Әрбір жетістік, әрбір табыс – еңбек адамдарының маңдай терімен, тынымсыз еңбегімен келеді. Сол себепті еңбек адамына құрмет көрсету – мемлекеттің басты парызы. Қазіргі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өндірістің өркендеуі, ауыл шаруашылығы мен білім, медицина салаларындағы жетістіктер – барлығы еңбекқор азаматтардың үлесі. Олар күнделікті қажырлы еңбегімен елдің әл-ауқатын арттырып, мемлекетіміздің дамуына зор үлес қосып келеді.
Ел Президенті өз сөздерінде әрдайым еңбек адамын қолдау қажеттігін атап өтеді. Себебі еңбек адамы – елдің тірегі, қоғамның қозғаушы күші. Қарапайым жұмысшының еңбегі болмаса, ешбір сала дами алмайды. Сол себепті бүгінгі таңда еңбек адамының мәртебесін арттыру, олардың еңбегін насихаттау – аса маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Үшінші мегаполистің қым-қауырт тіршілігініне нәр беріп, қаламыздың өркендеуіне үлес қосып жүрген жандар жетерлік. Солардың бірі - Құрбан Нилбаев. Ол жылу жүйелеріне қызмет көрсету саласында 8 жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті маман. Қала тұрғыны 2017 жылдан бастап «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының №4 аудандық бөлімшесінде 5-дәрежелі слесарь ретінде еңбек етіп келеді.
Құрбан Жұмаділләұлы кәсіби міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарап, өндірістік процестердің үзіліссіз әрі тиімді жұмыс істеуіне зор үлес қосып келеді. Өз ісіне берілгендігі мен тиянақтылығының арқасында әріптестері арасында үлкен құрметке ие. Слесарь ретінде ол жылу жүйелерінің сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды сапалы орындап, кәсіби шеберліктің үлгісін көрсетуде.
Еңбек адамына тән қасиеттер – табандылық, жауапкершілік және адалдық. Осындай қасиеттер ұлт рухын көтеріп, қоғамның дамуына жол ашады. Еңбекті қадірлеу – ұлттың өркениеттілігінің көрсеткіші.
Қорыта айтқанда, еңбек адамын ұлықтау – еліміздің болашағын бағалау. Себебі елдің ертеңі – Құрбан Жұмаділләұлы екілдіөз ісіне адал, еңбектен тайсалмайтын азаматтардың қолында.