«Адал азамат» - тәрбиенің іргетасы

image.png

Шымкентте  өнегелі әулеттер марапатталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты, елге адал еңбегімен үлгі болған отбасыларды дәріптеу арқылы жастарға бағыт-бағдар беруді көздейді.

Шара барысында отбасылар алдын ала іріктелген. Елге үлгі болған әулеттер түрлі номинациялар бойынша марапатталып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Осы орайда, «Азамат тәрбиелеген отбасы» номинациясын – қоғамға адал қызмет етіп жүрген, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген Курбанходжаевтар әулеті иеленді. Отбасында қазақтың туын желбіретіп жүрген таеквондошы Дастан Нәжімханов бар.

«Бауырым Қазақстанның туын көтеріп жүр. Әлемдік додаларға әрдайым тақымымды қысып, тілекші болып отырамын.   Дубайдан, Болгариядан, Вьетнамнан бірінші орын алып чемпион болды. Дастан біздің мақтанышымыз. Осының бәрі ата-анамыздың тәрбиесінің  арқасында деп білемін»,- дейді  «Азамат тәрбиелеген отбасы» номинациясының иегері Дилнора Сұлтанниязова . 

Еңбексүйгіштік – адамды еңбекке баулитын маңызды қасиет. Ол адамды мақсат қоюға, табандылыққа, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнату мен шығармашылыққа жетелейді. Баланы еңбексүйгіштікке баулуда ата-ананың ықпалы өте зор. Тәрбие үдерісі көп еңбектенуді, сондай-ақ ата-аналардың дене күші мен ақыл-ой-моральдық күшін де қажетсінеді. Сол себепті балада мінездің белгілерін, олардың адамдар мен өмірге деген қатынасының негізін салу қажет.

 Жиында «Күміс кереге» номинациясымен – 25 жыл отасып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп келе жатқан Бүркіттер отбасы мен Андар отбасы марапатталды. Ал, «Алтын шаңырақ» номинациясының иегері – 50 жылдық ғұмырын бірге өткізген, өнегелі әулет Үсенбековтер отбасы болды.

«Келіншегім Нұрматова Жадыра Қалыбекқызы екеуміздің отандасқанымызға биыл 25 жыл болды. Сол себепті «Күміс кереге» деген номинацияға қатыстық. Осы байқау туралы Ақтас шағын ауданынның белсендісі Айымбетова Ғалия апамызға алғысымыз шексіз. Отбасы – кішігірім мемлекет дейді. Мемлекет әрбір отбасынан құралады. Біздің еліміздің осындай отбасылары молая берсін, көркейе берсін, еліміз гүлдене берсін»,- деп іс шара барысында «Күміс кереге» номинациясының иегері  Әуезхан Бүркіт тілегін жеткізді.

 Әр отбасы өз перзенттерін елге адал қызмет ететін, қоғамға пайдасын тигізетін азамат етіп тәрбиелеп өсірген өнегелі әулет. Олардың өмірлік ұстанымы - әділдік, ізгілік пен еңбекқорлыққа баулу, ұлттық салт - дәстүрді жас ұрпаққа аманаттау.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шырайлы шаһардың шынайы еңбеккері
  • Өлеңге ғашық ұстаз
  • Қызметтің қымбат қазынасы
  • Адал еңбектің үлгісі
  • Мұра сақтаушы маман
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер