Болашақ энергетиктерге қамқорлық жасап отырған зауыт

image.png

Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне дуалды оқыту әдісінің енгізілуі – студенттерге үлкен мүмкіндік. Олар оқу барысында теориялық білім алумен қатар, өндірістік ортада тәжірибе жинақтайды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» – кәсіби білім беру жүйесін дамытуға, жастарды нақты өндірістік дағдылармен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Бастама аясында колледж студенттері өндірістік тәжірибеден өту мақсатында еліміздің көптеген кәсіпорындары мен фабрикаларында жұмыс істеп жүр. Жастардың техникалық білімге деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін отандық құзыретті органдар маңызды жобалар мен бағдарламаларды үзбей атқарып келеді. Мемлекеттік қолдаудан бөлек, көптеген ірі кәсіпорын жас мамандарын қолдап, жеке әлеуметтік бағдарламалар түзіп жатыр. Мұның барлығы Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың өз орнымен іске асып жатқанын білдіреді.

Айталық қаламыздағы «Ай Сервис Транс» ЖШС  шаһар студенттеріне өндіріс орнында білім алуға, тәжірибе жинақтауға, сапалы маман болуға өз үлестерін қосып келеді. «Біздің негізгі бағытымыз энергетика саласына қатысты өнімдерді,  яғни трансформаторларды шығарамыз.   Жұмыс барысында компания өнеркәсіп саласында ғана емес  білім беру саласында да  тиімді  тұрақты серіктес ретінде жұмыс жасап келеміз. Қаладағы М. Өтебаев атындағы колледжімен  дуальды оқыту жүйесі аясында «электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша тығыз ынтымақтастықта  жұмыс жасап  келеміз.  Зауытымыз   колледжді  қамқорлыққа алып, студенттерге тәжірибе жүзінде терең білім  алуға мүмкіндік беріп отыр. Энергетика саласы  мамандарын  тәрбиелеп шығуға барынша үлес қосудамыз. Себебі сапалы маман, білікті энергетиктер – еліміздің жарқын болашағының кепілі»,- дейді  «Ай Сервис Транс» ЖШС   бас директоры Айдар Құлшынбаев. 

Айта кетейік,  «Ай Сервис Транс» кәсіпорны 2011 жылы  шағын ғана цех болып ашылған. Қазіргі таңда үлкен компанияға айналып отыр. Мұнда 120 адам еңбек етеді. Өнімдері Қазақстанның барлық аймақтарына жөнелтілуде.  Энергетика саласына қатысты өнімдердің 60 түрін шығарады. Ресей, Түркия, Қытай елінің жоғары сапалы қондырғыларымен жабдықталған.

 Шымкент қаласында «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында нақты жұмыстар атқарылып, алғашқы тоғыз айда елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. Жұмыс орындарын арттыру, мамандар даярлау, дуалды білім беруді дамыту және жастардың техникалық салаға қызығушылығын ояту – бұл бастаманың басты нәтижелері.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Болашақ энергетиктерге қамқорлық жасап отырған зауыт
  • Өндіріс орындары мен колледждер арасындағы ынтымақтастық күшеюде
  • Ұлттық өнімдерді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру – елді әлемге танытудың бір жолы
  • Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат
  • Қомақты инвестициясыз өркендеу жоқ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер