Ағаларына еліктеп өскен маман

image.png

Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін. Күнде табиғи апаттың кесірінен туындайтын және қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамағандықтан  шығатын  өрттермен бетпе-бет келеді. Осынау маман иелерінің  тілсіз жаудың «тілін табуға» тырысатын қызметі шынында да  оңай деп айта алмаймыз. Ойламаған жерден  тілсіз жау лап етіп, жалынға оранған заттың үстіңе құлап кетуі, сондай-ақ иіс тиіп, ес жоғалтуың  да ғажап емес. Өрт сөндірушілер  төтенше жағдай кезінде  ең бірінші болып  көмекке ұмтылып,  адамдарды  қауіпсіз жерге көшіруге тырысады. Осының өзі үлкен ерлік емей немене!

Төтенше жағдайларға әрдайым тас түйін дайын жүретін маманның бірі – Нұрлыбек Спабеков. Шымкент қалалық ТЖД №3 бөлімнің аға өрт сөндірушісі шаһарға танымал өрт сөндіруші Спабековтер династиясының кішісі. 

«Ағаларым «Ерлігі үшін» медалінің иегерлері. Осы салада қызмет етіп келеді. Сол ағаларыма еліктеп өстім.  Үй ішінде де өзіміз жиналған кезде өрт сөндіру бөлімін әңгіме қыламыз. Әке-шешеміз де әрқашан тілеуімізді тілеп отырады.  Қарауылдан кезектен тыс кезінде де біреуді көріп қалсақ көмектескіміз келіп тұрады әрқашан. Күнделікті әдетіміз өмірдегі қағидаға айналып кетті»,- дейді кейіпкеріміз. Спабековтардың ұл-қыздары да осы салаға қызығушылық танытқан. Әулеттің үлкен немересі «радио-телефоншы» мамандығын бітіріп, департаменттің деспетчерлік бөліміне жұмысқа орналасты. Осылайша қарапайым еңбек адамдарының ұрпақтар сабақтастығы өрбіп келеді.

Өрт сөндіруші ылғи да физикалық жағынан да дайын болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт сөндіру техникасын және отпен күресу тәсілдерін жетік  білетін мықты  маман болуы қажет. Өрт сөндірушілер күн сайын өз өмірлерін тәуекелге байлайды және  өзіне қауіп төндіреді. Олар кез келген ауа райында,  қыстың қақаған аязы мен жаздың қапырық ыстығына қарамастан бастарын бәйгеге тігеді. Бұлардың басты мақсаты – қиналған жандарды  құтқару, көмектесу. Оқыс төтенше жағдай кезінде өзін ұмытып,  өзгенің өмірін құтқаруға тырысады. Сондықтан күн сайын тілсіз жаумен бетпе-бет келетін өрт сөндіруші Нұрлыбек Спабековтың еңбегі ерен, құрметке лайық!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық өнімдерді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру – елді әлемге танытудың бір жолы
  • Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат
  • Қомақты инвестициясыз өркендеу жоқ
  • Шымкентте мемлекет басшысының жолдауын талқылау жөніндегі кеңес өтті
  • В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер