Жұмысына адал жас маман

image.png     

 Қазіргі заманда табысты болу деген түсінік көбіне кеңсе жұмысы, жоғары лауазым немесе ақ жағалы қызметпен өлшенеді. Дегенмен, қоғамның шынайы тіршілігі тек қана кабинет ішінде шешілмейді. Елдің дамуы маңдай терімен нәпақа тауып, қолының шеберлігімен іс бітіретін еңбек адамдарымен де өлшенеді. 

     Электрик жарық қоспаса, шаңырағымыз қараңғылыққа батыр  еді. Сантехник құбырды жөндемесе, тіршілік нәрінен тарығар едік. Механик техниканы түземесе, шаруамыз тоқырап қалар еді. Мұндай мамандардың еңбегі біздің күнделікті өміріміздің тынысын ашып, тұрмысымызды жеңілдетіп отыр.  Бүгін   бейнеттен қайтпайтын жандардың бірі, жас мааман  Жандос Әмзебатырды сөз етпекшіміз. Ол 1999 жылы 17 желтоқсанда Шардара қаласында дүниеге келген. Жастайынан техникаға әуес болып, әр заттың ішкі құрылымын қызықтап, қол еңбегіне жақын болып өскен. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ әртүрлі тұрмыстық бұйымдарды бөлшектеп, қайта жинауға әуестенген. Бұл қызығушылық кейін кәсіби жолын таңдауда басты бағыт-бағдар болды.

       Мектепті тәмамдаған соң ол №4 колледжге түсіп, «Байланыс құрастырушысы-кабельші» мамандығын меңгерді. Осылайша техникаға деген ынтасы нақты біліммен ұштасып, болашақ кәсібіне берік негіз қалады.

       2018 жылдан бастап Жандос Шымкент қаласындағы №9 көркем гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған спорт мектебінде механик болып еңбек етіп келеді. Бір қарағанда, спорт мектебі мен механиктің арасында байланыс жоқ сияқты көрінеді. Алайда, спортшылардың жаттығуына, жарыстың ойдағыдай өтуіне, ғимараттағы техникалық жүйенің мінсіз жұмыс істеуіне де тікелей байланысты. Жарық сөніп қалса немесе дыбыс жүйесі істен шықса, кез келген сайыс тоқтап қалуы мүмкін. Мұндай жауапкершілікті Жандос жақсы түсінеді.

       Әрбір жарыстың алдында ол ғимаратты бастан-аяқ мұқият тексереді. Жарықтан бастап дыбыс, желдеткіш, тіпті су жүйесіне дейін түгел қарастырады. «Кейде көзге ұсақ-түйек болып көрінген нәрсенің өзі үлкен мәселе туғызуы мүмкін. Сол үшін әр бөлшекке мұқият болу  біздің жұмыстың басты талабы», – дейді ол.

      Жарыс аяқталғаннан кейін де Жандос тынығып қалмайды. Ғимаратты қайта қалыпқа келтіріп, келесі күнге дайындауды өз борышы деп біледі. «Жұмысты уақытында әрі сапалы атқарсаң, басқаның еңбегіне де, уақытына да кедергі келтірмейсің. Ал спортшылардың жетістігіне аз да болса үлес қосып жүргенімді ойласам, бойыма қуат біткендей болады», – дейді жас маман. 

      Міне, осындай жандардың арқасында қоғам іргесі берік болып, күнделікті өміріміз жеңіл әрі жайлы өтуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құтқарушы дәрігер - құрметті мамандық
  • Жолдаудан кейінгі ой: Шымкенттік педагог ЖИ-дің білім саласына қосар үлесіне сенімді
  • Өнерді өрнектеген қолтаңба
  • Қоғамдық көлік жүргізушісінің жүгі
  • Жұмысына адал жас маман
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер