Студенттер жаз бойы еңбек етті

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Жолдауында “Қазіргі міндет - халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру, - дей келе, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеудің маңыздылығына тоқталды. “Биік мұратқа жетелейтін еңбек деген ұлы ұғымды әр азаматтың санасына сіңіргеніміз жөн”, - дейді. Сондықтан жас буынды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Отбасында, балабақша мен мектеп қабырғасында баланың еңбектің әр түріне қызығушылығын ояту, жанұядағы еңбекке араластыру,  яғни үлкендерге көмектесуге үйрету өзекті. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, жас өскіндердің қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.

Осы орайда "Ауыл" партиясының бастамасымен қолға алынған "Студент және жастар жасақтары" жобасы жастардың еңбекке баулу, кәсіби тәжірибесін арттыру және еңбекші мамандықтардың беделін көтеру мақсатында жүзеге асуда.

Шымкент қалалық филиалы осы бастаманы қолдап, төрт бағыт бойынша жасақтар құрған болатын. Олар: құрылыс жасағы – әлеуметтік нысандар мен түрлі құрылыс жұмыстарын қолдап, өз міндетін сәтті аяқтады. Экологиялық жасақ – қаламыздағы Дендросаябаққа көгалдандыру, тазалық, табиғатты қорғау іс-шараларымен айналысуда. Сервистік жасақ – қызмет көрсету саласында «Машат 1» шатқалындағы демалыс орынында жұмыс жасап тәжірибесін арттыруда. Клининг жасағы – қаладамыздағы үлкен базардың бірінде күнделікті кешкі уақытта тазалық жұмыстарын жүргізуде.

Ай соңына дейін экологиялық, сервистік және клининг жасақтарының жұмысы жалғасады. Жоба 31 тамыз күні өз мәресіне жетпек.

Бұл бастама жастардың бос уақытын тиімді өткізіп қана қоймай, олардың кәсіби машықтарын дамытуға, табыс табуына және қоғамға пайдасын тигізуіне жол ашты. Сонымен бірге жастардың еңбекқорлыққа, тәртіп пен жауапкершілікке бейімделуіне ықпал етуде.

«Менің Шымкент қаласындағы ең үлкен әрі көркем Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта жұмыс істегеніме бір жарым айдан асты. Жұмыс өте оңай және өз уақытыңды тиімді пайдалануға болады. Осында жұмыс істеп жүріп мен адамдардың таза, әсем саябақта қыдыруына өз үлесімді қосқаным үшін қуаныштымын. Оқушыларға, студенттерге кез-келген жұмысты істеп көріңіздер, ол да бір тәжірибе болады деп айтқым келеді. "Студент және жастар жасақтары" жобасын ұйымдастырған басшыларға жастарға қолдау білдіріп отырғаны үшін алғысымды білдіремін»,- дейді  студент Тастанбек Әмина. 

"Ауыл" партиясы алдағы уақытта да осындай игі жобаларды жалғастырып, жастарды қолдауға, олардың әлеуетін дамытуға әрдайым күш салатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс
  • Президент парламенттік реформа жасау туралы бастама көтерді
  • Тоқаев: Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық ел болуы керек
  • Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берді
  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер