Отбасылық дәрігер – денсаулықтың ертеңі

image.png

Мамандық таңдағанда қателеспей, білім-білігін ел-жұртқа қызмет етуге арнаған адам өзінің қалауымен келген қызметтің шыңына шығып, елдің де алғысына бөленеді. Әлбетте, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Елге етене, жұртқа жақын мамандық иелері қашанда қадірлі. Сондай қадірлі де қажетті мамандықтың бірі - адам жанының арашашысы, дәрігерлік қызмет.

   Бүгінгі таңда бұл қызметтің ішінде айрықша маңызға ие болып отырғаны отбасылық дәрігер. Өйткені ол бір ғана науқастың емес, бүтін бір әулеттің саулығына жауапты. Бала сырқаттанса да, ересек сыр берсе де, отбасының барлығы бір маманға сенім артады.  Міне, дәл осындай сенімге лайық маманның бірі – Әсемгүл Пірмұхаммедова.

    Бала кезінен адамдарға көмектесуді армандаған Әсемгүл өз арманын жүзеге асыру үшін 2011 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне оқуға түсті. Алты жыл бойы білім мен тәжірибені қатар меңгерген ол, 2018 жылы «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығын тәмамдап, кәсіби жолын бастады.

– «Дәрігер болу үшін ең алдымен адамдарға шынайы мейіріммен қарау керек. Диплом алу тек бастамасы ғана», – дейді Әсемгүл.

  Алғашқы еңбек жолын Қарағандыдағы «Гиппократ МЦ» медициналық орталығында бастаған жас маман әр науқастың жағдайын жеке-жеке қарау арқылы мол тәжірибе жинады. Біреу бас ауруымен, екіншісі жүрек мәселесімен  келді. Әсемгүл әрқайсысына терең көңіл бөліп, емдік жолдарын дәл ұсына білді. Сол жылдар оның  нағыз кәсіби мектебі болды. 

 Уақыт өте келе, Әсемгүл Шымкент қаласына қоныс аударып, «Медикер ЮК» клиникасында қызметін жалғастырды. Жаңа орта оған кәсіби тұрғыда дамуға, жаңа тәжірибе жинауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 2021–2023 жылдары Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында «отбасылық дәрігер» мамандығы бойынша резидентурадан өтіп, біліктілігін одан әрі тереңдетті. Осы жылдар оны нағыз сенімді, қамқор, әр отбасының жанашыры болуға дайын маманға айналдырды.

– «Отбасылық дәрігер болу тек сырқатқа қарау емес. Адамның өмір салтын, әдеттерін түсіну, дұрыс кеңес беру  барлығы осы мамандықтың жауапкершілігінің бір бөлігі. Біз әр пациенттің тек денсаулығына ғана емес, өміріне де әсер ететінімізді әрдайым есте ұстауымыз керек», – дейді Әсемгүл Жиенбайқызы.

  Бүгінде ол науқастарына жан-жақты қамқорлық көрсететін дәрігер ретінде танымал.

– «Еңбектің қиындығы да бар. Күн сайын түрлі жағдайларға тап боламыз. Кейде түнгі кезек, кейде шұғыл шақырулар… Бірақ науқастың күлгенін, жақсарып шыққанын көргенде, барлық қиындық артта қалады», – дейді Әсемгүл.

 Қаладағы медициналық орталықтарда әр түрлі дәрігерлер жұмыс істейді, бірақ Әсемгүл сияқты науқасқа толықтай көңіл бөліп, жан-жақты қамқорлық көрсететін мамандар сирек кездеседі. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Жарыстағы жанкештілік
  • Отбасылық дәрігер – денсаулықтың ертеңі
  • Шымкент қаласының дамуы Smart City тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады
  • Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер