Қолынан қаламы түспеген Жаңбыршиев

image.png

Білімді алып қана қоймай, білгеніңді өзгеге үйрету – жақсылықтың бастауы. Шымкентте бойдағы таланты мен білімін, тәжірибесін жастарға дарытып жүрген суретші тұрады. Қайда жүрсе де қолынан қаламы мен мольбертін тастамайтын Сұлтанбек Жаңбыршиевтің өнері өз алдына, ал ұстаздығы бір төбе жан.  Табиғат көріністерін бейнелегенді жаны сүйетін маман отыз жылдан астам уақыттан бері өнер және білім жолында табанды еңбек етіп келеді.  Сұлтанбек Наханұлы – педагогика ғылымының кандидаты, Суретшілер Одағының мүшесі. Қазіргі таңда Ө.Жәнібеков атындағы  университетте  шәкірт тәрбиелеп отырған аға оқытушы. 

С.Жаңбыршиев  1977 жылы орта мектепті бітіріп, 1977-1981 жылдары Кентау тау-кен металлургиялық техникумының электромеханика мамандығын бітірген. 1982-1984 жылдары Кеңес әскері қатарында,  1985-1990 жылдары Шымкент педагогикалық университетінде көркем сурет және графика факультетін бітірген. 2008 жылы «Отандық кескіндеме арқылы мектеп оқушыларына адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап шыққан.  2015 жылы Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесіне енген. 35 ғылыми және әдістемелік еңбектерінің авторы.

  Кейіпкеріміз  еңбек жолын 1990 жылы  Яассауи атындағы ХҚТУ-нің Сурет кафедрасында оқытушы болып бастаған. 2007 жылы ОҚПУ-да аға оқытушы, 2009 жылы АИУ аға оқытушы, «Бейнелеу өнері және Дизайн» кафедрасының кафедра меңгерушісі, 2012 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасының меңгерушісі болған. 2014 жылдан ОҚМПУ-нің  «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының аға оқытушы қызметін атқарады. 

Сұлтанбек Жаңбыршиев шығармашылығының дені пейзаж жанрын құрайды. Оңтүстік өңірдің тұмса табиғатын, өзіндік ерекшелігін паш ететін картиналары аса шеберлікпен бейнеленген. Суретші жақсы туынды керемет көңіл-күйді талап ететінін айтады. 

 «Бір суретті апталап, айлап салатын кездер болады. Мәселен бір жұмысқа қарап отырып,  мына жерін өзгерту керек екен деп өзгеріс енгіземін. Туындыларымның көбісі табиғатқа арналған. Шымкенттің шырайлы жерлері, Машат, Біркөлік шатқалы дегендей...»,- дейді суретші. 

40 жылдық тәжірибесі бар суретші талай жеке көрмелерін өткізіп, өзінің туындылары арқылы жастарды сурет өнеріне баулып, әрі туған жердің табиғатына деген сүйінпеншілігін арттырып жүрген өнерге ғашық еңбек адамы. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • НЕБО, РАДОСТЬ И ЕДИНСТВО: ШЫМКЕНТ ОТМЕТИЛ ПРАЗДНИК В ЯРКИХ КРАСКАХ
  • ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ КҮН: ШЫМКЕНТ АСПАНЫН БАТПЫРАУЫҚТАР ФЕСТИВАЛІ КӨРКЕЙТТІ
  • Шымкентте екінші республикалық «Respublica Asyq Atu» турнирі өтті
  • В Шымкенте состоялся второй республиканский турнир «Respublica Asyq Atu»
  • Верность делу длиною в полвека
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер