Мамандық іс-тәжірибеде қалыптасады

image.png

2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланып, бұл бастама аясында еңбек нарығындағы сұранысқа ие білікті мамандарды даярлау ісіне ерекше көңіл бөлінуде.  Білікті маман болу үшін теориялық білім жеткіліксіз. Мамандық іс тәжірибеде қалыптасады. Енді өндіріс ошақтары кадр даярлау ісіне ерекше екпін бермек. Осы бағытта үшінші мегаполисте оқытушылар мен жұмыс берушілірге арналған семинар ұйымдастырылды.

Жанна Елтанова жұмысшы мамандықтарын даярлайтын оқу орнында мұғалім болып қызмет атқарады. Қосымша 25 адамды жұмыспен қамтып отырған табысты кәсіпкер. Орамал тігіп, киім, аяқ киім шығаратын цехы нағыз мамандарды тәрбиелейтін орынға айналған. Жеке шығып кәсіп ашамын дегендерден ақыл кеңесін аямайды.

«Жұмысшы мамандықтар қашанда сұраныстан түскен емес. Соның ішінде жеңіл өнеркәсіп саласының технолог, тігінші секілді мамандықтар  бізде тапшы. Себебі қазір тігін фабрикалары, шағын тігін цехтары көбеюде. Мен осы тігін цехында қазіргі таңда 25 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Мұнда мамандыққа қажетті дағдырдардың барлығын үйретеміз. Практика жүзінде барлығын көріп, үйреніп шығады»,- дейді ол. 

Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау жүріп жатыр. Бұл бағыттағы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының белсенді ұстанымы аясында Шымкент қаласында колледждер және өндірістік кәсіпорындармен өзара тығыз жұмыс жүргізілуде. Мұндағы мақсат – дуалды оқыту жүйесін дамыту. Кәсіпкерлер палатасы бұл тұрғыда бағыт-бағдар беруді күшейткен.

Семина барысында дуалды оқытудың тиімділігін арттыруға қажетті техникалық құралдардың мүмкіндігі айтылды. Жасөспірімдердің білім алуға құлшынысын арттырудың қыр-сыры да талқыланды. Жалпы бұл жүйе елімізге 2012 жылдан бері енгізілген. Мұның тиімділігін осы салада жүргендер жақсы біледі. Өйткені дуалды оқытумен оқитындар үшін еңбек өтілі есептеледі, мамандарды даярлау үшін өндірістік базаны қамтамасыз ететін кәсіпкерлермен шарттар жасалады.

 «Атамекен» ҰҚП  Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Ляззат Шонаеваның айтуынша колледж  студенттері үшін теориялық білімнен бөлек практиканың маңызы зор. Өндіріс ошағы мен зауыт-фабрикалардағы мамандардың жұмысын көзбен көріп, еңбекке араласуы – олардың ертеңгі күні нағыз білікті маман болуының кепілі.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласының дамуы Smart City тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады
  • Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City
  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: елімізде цифрлық экожүйе қалай қалыптасып келеді
  • Жолдау-2024: тұрақты өсу, жасанды интеллектіні дамыту және білім беру бастамалары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер