Өмірзақовтар әулеті – полицей династиясы

image.png

Шымкент қаласында елге адал қызмет етуді өмірлік мұрат еткен бір әулет бар. Бұл - Өмірзақовтар әулеті. Қасиетті әулеттен тараған 32 бірдей азамат құқық қорғау саласында абыроймен қызмет етіп, ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті күзеткен және күзетіп келеді.

Әулеттің негізін қалаған - милиция полковнигі, Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері, ардақты азамат Батырхан Өмірзақов. Ол 1958 жылдан 1991 жылға дейін ішкі істер органдарында жемісті еңбек етіп, шен мен мансаптан бұрын ел алдындағы борышты биік қойған тұлға. Батырхан атамыз тек қызмет жолымен ғана емес, рухани мұрамен де өнеге қалдырды. Ол "Өлеңім, сырым менің, шыным менің", "Тарихқа тағзым", "Өткен күндерден қалған іздер", "Қанағат болған өлшемім" сынды бірнеше кітаптың авторы.

Бүгінде сол кісінің жолын қуған ұрпақтары - ұлт қауіпсіздігі мен тыныштығы жолында тер төгіп жүрген ерлер. Олардың әрқайсысы жауапкершілігі жоғары қызметті абыроймен атқарып, адалдық пен ерлік жолын жалғастырып келеді.

Полиция майоры Нұрсұлтан Өмірзақов Ішкі істер саласында табан аудармай 17 жылдан бері еңбек етіп келеді. Алғашында аудандық басқармада тергеуші болды, кейіннен кадр жұмысына жауапты аға инспектор қызметіне ауысты. Талапшыл азамат жеке құрамның тәртібін қадағалап, қызметтік әдептің сақталуын қамтамасыз етеді.  

«Бұл салаға келгеніме өкінбеймін. Атамыздың, әкемнің ізін басып елге қызмет етіп жатырмын. Маңызды жұмысты абыроймен атқарамыз. Бізге департамент бастығы, ІІМ тарапынан жүктелген жауапкершілікті жақсы түсінеміз»,- дейді Нұрсұлтан Өмірзақов. 

Атаның ұлағатымен ұрпақтар сабақтастығын жалғаған ұлға жауапкершілікпен бірге адалдық та дарыды. Өйткені бала кезінен қызметке деген құрметті көріп өсті. Сондықтан қатарға қосылған жас мамандарды да Отанын сүюге үндеп, міндетін мінсіз атқаруын қадағалайды.  

Қалалық ПД патрульдік полиция полкінің взвод командирі Алмас Өмірзақов та осы асыл текті әулеттің ұрпағы. Ол қалада жол ережелерінің бұзбауын ,  жол-көлік оқиғаларын бұзбау мақсатында күнделікті қызмет атқарады. 

Өмірзақовтар әулеті  отансүйгіштік пен қызметке деген адалдықтың жарқын үлгісі. Ұрпақтан ұрпаққа аманат болған қасиетті борыштың символы.

Жалпы Шымкентте  2 мыңнан астам полицей болса,  мәртебелі мамандықты атадан балаға жалғап келе жатқан ондаған полицейлер династиясы бар.   

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте әскери колледж ашылды
  • Өмірзақовтар әулеті – полицей династиясы
  • Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне
  • Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр
  • Тыл ардагері Қазына Бектемісованың еңбек жолы ұрпаққа үлгі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер