Жасыл қаламызды жайқалтқан агроном

image.png

Жасыл желекке орнаған, гүл көмкерілген әсем қала Шымкенттің көркі жыл санап артып келеді. Біз күнделікті жүріп өтетін көше бойындағы, саябақтардағы  жайқалып тұрған гүлдерді кімдер өсіріп, баптайтынын бір сәт ойландыңыз ба? Тұрғынғарға жайлылық сыйлайтын әрбір дарақ, гүлдің артында агрономдардың ерен еңбегі жатқанын білесіз бе?

    Гүлнар Андасова – Шымқаламыздың атына сай гүлденіп, көркеюіне үлшеусіз үлес қосып жүрген маманның бірі. 1959 жылы Шымкентте туып өскен ол агроном мамандығын Алматы қаласында игеріп шығады. 1982 жылдан бері туған қаласының жасыл желегін жайқалтып келеді. Ол гүлдерді егіп, өсіретін агроном ғана емес сонымен қатар олардың дұрыс және әдемі егілуін қамтамасыз ететін дизайнер. 

«Осы мамандықты таңдағанымен өкінген емеспін. Өсімдіктермен жұмыс істеу маған рухани күш, нәр береді. Қазір  Тұран аумағында аббаттандыру жұмыстарымен айналысамын. Басшылық, әріптестерімнің менің еңбегімді бағалап жүретіндеріне алғысым шексіз. Оқуды бітірген соң ойланбастан туған қалама келдім. Себебі мұнда агрономдарға сұраныс көп еді, қазір де солай»,- деген кейіпкерімізі әр гүлдің өзінің егетін маусымы болатынын айтады. «Мысалы  жазда жаздық гүлдерді егеміз. Олар гүлдеп, қурай бастағанда күзде қызғалдақ егеміз. Қызғалдақтар қысымен қар суынан нәр алып, ерте көктемде  гүлдеп шығады. Сәуір айында бізде қалада қызғалдақтар жайқалып тұрады. Шымкент  қыздалқатың отаны деп бекер айтылмаған ғой. Қызғалдақтың маусымы біткен соң олардың тұқымдарын арнайы қоймаға сақтап қоямыз. Сөйтіп қайтадан жаздық гүлдерді егеміз. Алдымен эскиз жасап аламыз. Яғни гүл егілетін террит орияға қарап олардың орналасуын реттеймін. Бригадада 20 қызметкер бар. Барлығымыз гүл егу маусымында сол эскизге қарап, егіп шығамыз»- дейді ол. 

Жерге, өсімдіктерге деген махаббат менің қанымда қайнап жатыр деген агроном зейнетке әлдеқашан шықса да, басшылықтың сұрауымен әлі де қаламыздың әсемдігі үшін еңбек етіп келеді. 

«Қазір зейнетке шықсам да  жұмыс істеп жүрмін. Бейнеттің зейнетіп көріп жатсам да болар еді, алайда  гүл егу, оларды жайқалтып өсуруден мен ләззат  аламын»,- дейді агроном.

 Ия, қаламызға әсемдік беріп, экологиялық  ахуалын жақсартуға септігін тигізетін өсімдіктер әлемін жан тәнімен сүйетін, оларға жаны ашитын, жақсы көретін агороном мамандарының еңбегі қашанда еленуі тиіс.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне
  • Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр
  • Тыл ардагері Қазына Бектемісованың еңбек жолы ұрпаққа үлгі
  • Тыл мамандары – көзге көрінбейтін еңбек иелері
  • Жасыл қаламызды жайқалтқан агроном
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер