Еңбегі ерен тыл ардагеріне құрмет көрсетілді

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елге еңбегі сіңген еңбек адамдарын дәріптеп, олардың еңбек жолын жас ұрпаққа өнеге етуіміз керектігін баса айтқан болатын. Елдегі қарапайым жұмысшы мамандықтарын дәріптеп, қоғам  үшін талай тер төкен еңбекқор жандарды насихаттап, оларды еңбекке араласып жүрген жастарға үлгі етіп көрсету бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Осы орайда  елдің дамуы жолында талай жыл тер төккен шымкенттік  еңбек адамдарына көрсетілді.  Абай ауданы әкімшілігі мен ардагерлер кеңесі бірігіп, қаламыздың өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан тыл ардагері  Анар Жұпабаеваға  азық-түлік себетін табыстап, жүрекжарды ықыластарын білдірілді. Бұл аға буынға жасалған құрметтің белгісі ғана емес, ел тарихына, егемендік пен тәуелсіздік құндылықтарына деген тағзымның айқын көрінісі.

 Жасы 91-ден асса да Анар Жұпабаева әлі  тың. Емін-еркін жүріп-тұрып, тіпті күнделікті таза ауада серуендеп, немерелеріне керек жарағын сауда үйлерінен өзі әкеліп беріп отырады екен. Қазіргі ширақтығым тынбай еңбек еткенімнің арқасы дейді. Соғыстың ауыр кезеңін басынан өткерген ол зұлмат заманда масақ теріп, отын шауып, қой жүнінен киіз басып, қолғап пен шұлықтан бастап кілемге дейін тоқып, айналасына жақсылық жасаған. «Адам еңбегімен абыройлы» демекші, тынымсыз еңбегінің арқасында ардақты анамыз бүгінде  қоғамға сыйлы, елге абыройлы жан. 

«Бұл кісі соғыс көрген, соғыс жылдары және соғыстан кейінгі жылдары ауылшаруашылығы, басқа да салаларда аянбай еңбек еткен. Бүгінгі кездесуде апамыз өзінің өмірі мен еңбек жолын бізге баяндап берді. Осындай нағыз еңбекқор жандарды біз жастарға үлгі етіп көрсетуіміз қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы еңбек адамдары нағыз құрметке лайықты жандар деп, оларды жастарға үлгі етіп дәріптеу керектігін  айтқан жоқ па?! Міне, осындай бастаманы біз  де қолдаймыз. Ал Анар апамызға  ұзақ ғұмыр тілейміз»,- дейді қоғам белсендісі Орынша Кенжекқызы. 

Алтын құрсақты ана 14 бала көтеріп, 9 қыз бен 5 ұл тәрбиелеп өсірген абзал жан. Қазір немере-шөберелерінің ортасында, елдің құрметіне бөленіп отырған жайы бар.

Анар әженің қажырлы еңбегі мен сүріп өткен адал өмір жолы бүгінгі және келер ұрпаққа үлгі. Осындай ардақты аналарға көрсетілген құрмет ұлттық құндылықтарды дәріптеп, елдің бірлігі мен рухани байлығын арттыра түсері анық.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне
  • Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр
  • Тыл ардагері Қазына Бектемісованың еңбек жолы ұрпаққа үлгі
  • Шымкент қаласында «Келешек мектебі» үлгісіндегі жаңа мектеп іске қосылды
  • Балаларға шипа, ата-анаға сенім сыйлаған дәрігер
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер