Өнімді еңбегі жемісін беруде

image.png

«Ердің атын еңбек шығарады» демекші Серік Әуесхановтың есімі оңтүстік жұртына жақсы таныс. Қай саланы болсын қолға алсас оны алға сүйретін маманның қажырлы еңбегі көпке үлгі. 

Серік Елемесұлы  еңбек жолын 1987 жылы  Ташкент облысы, Бостандық ауданының «Новгород» совхозындағы №40 ауылшаруашылық кәсіптік-техникалық училищесінің мамандандырылған пәндер оқытушысы болып бастаған. Кейін  түрлі білім беру саласында, аудандық және облыстық комсомол комитеттерінде және аудандық және облыстық әкімшіліктерде, бірнеше департаменттер мен басқармаларда қызмет істеген. 

Шымкент облысының Ленин ауданындағы «Қызыл таң» орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі қызметінен бастап,  Шымкенттегі бірталай басқармаларде еңбек етіп, тізгінін ұстаған. 2019 жылдан қазірге дейін «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы қызметтерін атқарып келеді. 

Ол Түркістан облысы,  Шымкент қаласындағы кәсіподақ қозғалыстарына белсене қатысып, халыққа көмек көрсету шараларында белсенділік танытты. Оның басшылығымен қалада кәсіподақ ұйымдарының саны мен кәсіподақ мүшелерінің саны артып, жұмыскерлер мен қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарып келеді.

Серік Әуесхановтың басқарып отырған мекеме  «2023 жылдың үздік филиалы» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша «Тез дамып келе жатқан филиал» номинациясын иеленді.

Серік Елемесұлы тәжірибесі мен адамгершілігі мол, іскер, көпшіліктің сый құрметіне бөленген, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, абыройы биік білікті маман, ел дамуына мол үлес қосып келе жатқан абзал азамат және атқарған жұмыстарының бәрінде нәтижелі көрсеткішке қол жеткізіп келеді.

Отбасында бес перзенті, он немересібар. Оның өмірі мен еңбек жолы жастарға үлгі, адалдық пен әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын ұстанады.

Көп  жылғы сіңірген еңбектері бағаланып, Қазақстан Республикасы  Президентінің, түрлі дәрежедегі мемлекеттік атқарушы және өкілді органдардың, партия мен қоғамдық ұйымдардың және кәсіподақ ұйымдарының наградаларымен, медальдерімен, төсбелгілерімен, «Құрмет грамоталымен» және «Алғыс хаттарымен» марапатталған.

Серік Елемесұлы - әділетті қоғамның дамуына үлкен үлес қосып жүрген нағыз еңбек адамы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Социальные объекты под контролем: школы и больницы Шымкента полностью готовы к зиме
  • Өнімді еңбегі жемісін беруде
  • Отан үшін от кешкен ұстаз
  • Әкенің өнегелі жолы ұрпағына үлгі
  • Колледждердің беделі артып келеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер