Әкенің өнегелі жолы ұрпағына үлгі

image.png    

Бұл сөз Қуатбековтер әулетіне сай келеді. Белгілі академик, ғалым Әбдімұса Қуатбеков пен жұбайы Карамат Пердешқызы өмірлерін ғылыммен байланыстырып, содан бақытын тапқан адамдар. Бүгінде бұл отбасыда ата-анасының жолын қуған перзенттері бар.  Ұлы мен қыздары техника және медицина ғылымдарының профессорлары. 

   Рабиға Қуатбекова – бүгінде әкесі іргетасын қалаған оқу орны -  Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры. Рабиға Әбдімұсақызы – 1968 жылы Шымкент қаласында туылған. 1991 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу  факультетінде «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алған. 1999 жылы «Қайнар» университетінің құқықтану факультетінде «Заңгер»  мамандығын алса, 2004 жылы Қазақ-Өзбек инженерлік-гуманитарлық университетінде «Педагогика және психология» мамандығын үздік дипломға бітіріп шыққан. 1991 жылы «Фосфор» МСБ дәрігер-интерн, 1992 жылы акушер-гинеколог болып еңбек жолын бастаған Рабиға Әбдімұсақызы білікті мамандардың ақыл кеңесін алып, саласы бойынша тәжірибе жинақтап, еңбектене берді. Ол 1996-1998 жылдары Алматы қаласындағы республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығында аспирантураның күндізгі бөлімінде білім алды. 1999 жылы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғап шыққан. Медицина ғылымдарының докторы, профессор ҚазҰЖҒА академигі Рабиға Қуатбекованың өмірі осылай өріліп келеді. 

  Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми-медициналық орталық» республикалық мекемесі жанындағы  ОД 06.14.10 диссертациялық кеңесінің, Қазақстан Халықтар Ассамблеясындағы әйелдер кеңесінің мүшесі. Ол ғылымнан, университеттегі басшылық қызметінен бөлек мемлекетіміздің қарыштап дамуына де перзенттік үлесін қосып жүр. 

Рабиға Әбдімұсақызын жақсы білетіндер оның адамгершілік, ізгілік қасиеттерін үнемі айтып отырады. Ол – еңбексүйгіш, сауатты басшы. Білімі мен біліктілігінің арқасында жүрген жерінде сыйлы, абыройлы. Қызметтік міндеттерге аса жауапкершілікпен қарайды. Кейіпкеріміздің ұйымдастырушылық қабілеті өз алдына бөлек әңгіме. Қашанда қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылатын ол бүгінде қаламыздың ғылым саласының дамуына ат салысып жүрген жан. Сондай-ақ бүгінгі заман талабына сай мамандарды даярлауға айрықша үлес қосып отырған білікті маман, басшы. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Социальные объекты под контролем: школы и больницы Шымкента полностью готовы к зиме
  • Отан үшін от кешкен ұстаз
  • Әкенің өнегелі жолы ұрпағына үлгі
  • Колледждердің беделі артып келеді
  • Жұмысшы мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстары ұлғаяды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер