Шымкентте алғашқы рет спорттық атудан XVI Азия чемпионаты өтеді

image.png

Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласында спорт саласына айрықша көңіл бөлініп келеді. Әсіресе қалада заманауи спорт кешендерінің бой көтеруі түрлі спорт саласының дамуына, спортшыларымыздың толыққанды жаттығуына, халықаралық жарыстардың ұйымдастырылуына жол ашуда.  

Осы орайда 2025 жылғы 16–30 тамыз аралығында Шымкент қаласындағы Shymkent Shooting Plaza ату кешенінде спорттық атудан XVI Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары   Сәрсен Абайұлы Құранбек Шымкент қалалық  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Айтуынша алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылып отырған халықаралық жарысқа Азияның 26 елінен 800-ден астам спортшы қатысады. 

Чемпионат екі олимпиадалық спорт түрі бойынша өткізіледі. Аталған бәсеке нысана көздеу және стенд ату бағыттарын қамтиды. Жүлде қоры 700-ден астам медальды құрайды.

Нысана көздеу бағдарламасында спортшылар пневматикалық тапанша (10 метр), тапанша (25 және 50 метр), винтовка (10 және 50 метр), сондай-ақ, жылжымалы нысана көздеуден жекелей және командалық сындарда өзара мықтыны анықтайды. Ал стенд атудан трап, скит, скит-микс, трап-микс, дубль сынды дисциплиналар бойынша жекелей және командалық бәсекелер өтеді.

Екі аптаға созылатын дода жасөспірімдер, жастар және ересектер санатындағы мергендерді бір аренада жинап, тәжірибе алмасуға және жоғары деңгейде бақ сынасуға мүмкіндік береді.

Чемпионатқа Халықаралық нысана көздеу федерациясының (ISSF) президенті Лучано Росси, Азия нысана көздеу қауымдастығының (ASC) президенті шейх Салман әл-Сабах, Араб елдері және Кувейт нысана көздеу федерациясының президенті Дуайч Алотайби, ISSF бас хатшысы Александр Никотра Сент-Джеймс қатысады.

Шымкент қаласында өтетін маңызды халықаралық іс-шара спорттық ату саласында Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройын арттырып, елімізде және қаламызда бұл спорт түрінің дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде. Бұл чемпионат елдің спорттық инфрақұрылымын жетілдіру және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу үшін үлкен мүмкіндік және  Шымкент қаласының халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы әлеуетін көрсететін болады. 

Айта кетейік чемпионатты Қазақстанның спорттық ату федерациясы ұйымдастырып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте молодёжь Ассамблеи укрепляла единство и дружбу
  • «Ассамблея жастары» Шымкент төрінде
  • Шымкентте бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды
  • Үшінші мегаполисте дарынды балаларға арналған лагерь ашылады
  • Қазақстан теміржол инфрақұрылымы қарқынды дамуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер