Биыл Шымкентте 5 білім нысаны пайдалануға берілмек

image.png

Елімізде білім беру саласын дамыту, білім нысандарын көбейту  жұмыстарына айрықша көңіл бөлінуде. Қала халқы жылдан жылға өсіп келе жатқан үшінші мегаполисте  мектеп тапшылығын жою мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен  Құранбек білім саласына қатысты жаңалықтармен бөлісті.  Айтуынша биыл 17 білім нысанының құрылысы қолға алынған. Оның ішінде жаңа ғимараттар мен мектептер, оқушылар сарайлары және жатақханалар бар. Ақпан айында Тұран шағын ауданында 500 орындық Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы бес нысанның құрылысы аяқталмақ. Атап айтқанда: №19 және №50 мектептерге қосымша ғимараттар, Тельмандағы 1200 орындық мектеп, С.Рахимов атындағы мектеп және Сайрам колледжінің жатақханасы. Ал №16 мектепке қосымша ғимараттың құрылысы 2026 жылға өтпелі жоба ретінде жоспарланған.

Бұдан бөлек, қаладағы он білім ошағы күрделі жөндеуден өткізілуде. Қазіргі таңда тоғыз мектептің жұмысы толық аяқталып, жаңа оқу жылына дайын тұр. Ал «Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатының» жөндеу жұмыстары қыркүйек айында бітіреді деп күтілуде.

Сонымен қатар білім беру нысандарында қауіпсіздік мәселесі  күшейе түспек. Айта кетсек  биылғы жылдың 12 шілдесінен бастап «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңға енгізілген толықтырулар күшіне енді. Жаңа нормаға сәйкес, қоғамдық орындарда тұлғаны тануға кедергі келтіретін маска, никаб секілді  киім киюге тыйым салынады. Заңнамаға енгізілген түзетулердің басты мақсаты – азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қоса алғанда, олардың құқықтары мен бостандықтарын шектемей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұлғаларды сәйкестендіру және қоғамдық тәртіпті сақтау.  Мұндай өзгеріс бейнебақылау арқылы азаматтардың жеке басын дер кезінде анықтауға жағдай жасайды және қоғамдық тәртіптің сақталуына ықпал етеді.

Жалпы алғанда, қабылданып жатқан шаралар қоғамдағы тәртіпті сақтауға, қауіпсіздікті арттыруға және білім беру инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Бұл өзгерістер азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдетіп қана қоймай, болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына да кең мүмкіндік ашады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте молодёжь Ассамблеи укрепляла единство и дружбу
  • «Ассамблея жастары» Шымкент төрінде
  • Шымкентте бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды
  • Үшінші мегаполисте дарынды балаларға арналған лагерь ашылады
  • Қазақстан теміржол инфрақұрылымы қарқынды дамуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер