Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті

image.png

Шымкент қаласында табиғатты қорғауға бағытталған кең ауқымды «Taza Alem» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Өңірлік коммуникациялар қызметі мамандары хабарлағандай  бұл бастама аясында қала маңындағы маңызды су көздерінің бірі — Бадам су қоймасында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл шараның басты мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сананы қалыптастыру және жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыру және табиғатты аялау арқылы болашақ ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдыру. Әр азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігі — ортақ міндет пен парыз. 

Акцияға Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері, еріктілер қозғалысының мүшелері және коммуналдық мекемелердің жұмысшылары белсене қатысты. Жалпы саны 500-ге жуық ерікті жас табиғатты таза ұстауға өз үлесін қосты. Тазалық жұмыстарына 7 арнайы техника тартылып, су қоймасының жағалауындағы пластик, шыны және басқа да тұрмыстық қалдықтар іріктеліп жиналды.

Іс-шара нәтижесінде жалпы салмағы 7 тоннаға жуық әртүрлі қалдық арнайы полигондарға шығарылды. Бұл — бір күннің аясында жасалған үлкен еңбек. Акция барысында қатысушылар тек тазалық жұмыстарын ғана емес, қоршаған ортаға деген жауапкершілік жайында да пікір алмасып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Taza Alem» жобасы уақытша акция ғана емес, тұрақты түрде жүргізілуі тиіс экологиялық қозғалысқа айналуы қажет. Табиғатты қорғау мен оны таза ұстау – әрбір азаматтың күнделікті өміріндегі басты ұстаным болуы тиіс.

Жасыл табиғатты сақтау – келер ұрпаққа аманат. Бұл шара - жастарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға, экологиялық сауаттылықты арттыруға және қоғамда белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға бағытталған нақты әрі нәтижелі қадам болды.

Бүгінгі іс-шара — қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Бұл бастама қала тұрғындарын, әсіресе жастарды табиғатқа жанашыр болуға, оның болашағы үшін жауапкершілік алуға үндейді.

Айта кетейік, мұның алдында Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен  «Birgemiz: Taza Alem» экологиялық акциясы аясында Абай саябағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылған болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер