Полиция қызметкері – қоғам қауіпсіздігінің кепілі

image.png

Еңбек адамы – қоғамымыздың негізі, елдің өркендеу жолындағы басты серіктесі. Әрбір еңбек жолы – мықты болашаққа қадам басу, ел дамуының тірегі мен жарқын болашағын қалыптастыру. Еңбек арқылы ғана адам өз мүмкіндіктерін жүзеге асырып, қоғамға үлес қосады.

Бұл – елдің болашағына сенімнің, азаматтардың бірлігі мен ынтымағының дәлелі.

Әрбір күннің еңбегі – арман мен мақсатқа жету жолындағы қадам. Еңбек - адамды тәрбиелейді, оның рухани және материалдық құндылықтарын арттырады.

Бүгінгі таңда инновациялар, ғылым мен техника қарқынды дамып жатқан заманда да, дәстүрлі еңбектің, адал еңбек жолының құндылығы ешқашан азаймайды. Әрбір еңбек адамының шынайы еңбегі – еліміздің тәуелсіздігі мен бейбіт өмірінің кепілі.

Еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. Олар - маңдай терімен адал нан тауып, туған жерінің гүлденуіне ат салысады.  «Еңбек – бәрін де жеңбек» деп бекер айтпаса керек. Сондықтан, ерінбей еңбек еткен адам оның бейнетін көрсе, міндетті түрде зейнетін де көреді.

2025 жыл – ел дамуының негізгі тірегі саналатын жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру жылы. Осы орайда, қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ерекше орын алатын – полиция қызметкерінің еңбегі ерекше назарға лайық.

Ауа-райының құбылмалы мінезіне, қарына, жаңбырына, аптап ыстығы мен сарышұнақ аязына қарамай қыр-даланы кезіп ел тыныштығын күзеткен тәртіп сақшылары – мақтау мен марапатқа лайық.

Полиция – тек құқық бұзушылықтың алдын алушы ғана емес, азаматтардың бейбіт өмірін қорғаушы, әділеттілік пен тәртіптің сақшысы. Бұл мамандық ерлік пен төзімділікті, қайсарлықты, жоғары жауапкершілік пен адалдықты талап етеді. Полиция қызметкері – күнделікті қауіп-қатерге қарамастан, өз міндетін абыроймен атқарып жүрген жан.

Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының қызметкерлері заманауи технологияларды меңгеріп, құқықтық сауаттылық пен кәсіби шеберлікті ұштастыра отырып, ел тыныштығын күзетуде, қоғамдық тәртіпті сақтау жолында аянбай еңбек етуде. Жастардың бұл мамандыққа қызығушылығы – ел болашағының жарқын кепілі.

Жұмысшы мамандықтарының ішінде полиция қызметінің алар орны ерекше. Себебі ол – тек мамандық емес, халыққа қызмет етуге арналған өмірлік миссия.

Еліміздің тыныштығын күзетіп жүрген барлық полиция қызметкерлеріне шынайы алғыс білдіреміз!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер