Кран жүргізушісі – аса жауапты, маңызды мамандық

image.png

Кәсібі қауіпті, бірақ жұмысына жауапты қарапайым еңбек адамдары - нағыз құрметке лайық.  Сөзімізге дәлел  кран жүргізушісі- Сұлтан Мәмбетов. 

Ол Шымкент қаласындағы әртүрлі құрылыс нысанының бой көтеруіне елеулі үлес қосып келе жатқан жас маман.  Ауыр техниканы тізгіндегеніне 3 жыл уақыт болыпты. 

«Жұмысым таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін болады. Жұмысқа кіріспес бұрын алдымен техника қауіпсіздік ережелерінен міндетті түрде өтеміз. Одан кейін кранның жағдайын бір тексеріп шығамын. Барлығы дұрыстығына көзім жеткен соң ғана көлікке отырамын. Біздің жұмыс ауыр жүктерді жоғарыға қарай көтеріп беру немесе керісінше жоғарыдан төменге түсіріп беру. Бұл қызметтің әсіресе құрылыс саласында, көп қабатты ғимараттарды салу кезінде қажеттілігі сезіледі. Көліктің ішінде жүктің салмағын көрсететін компьютерлік құрылғы бар. Ол тек жүкітің салмағын ғана өлшемейді, сонымен қатар қанша метр биіктікке көтеріп жатқандығыңды көрсетеді және де қауіптің бар-жоғын айтып тұрады. Барлығын экраннан көріп, бақылап отырамын»-, деген кейіпкеріміз жұмысына аса мұқияттылықпен қарайды. 

«Жұмысымды өте жақсы көремін. Жұмысқа келсем, бәрін ұмытып кетемін. Уақытты әрқашан қуанышты, көтеріңкі көңіл-күйде өткіземін. Кран айдаудың еш қиыншылығы жоқ, тек жұмысына жауапты болса болғаны. Үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Және өзіне сенімді болуы керек. Әрбір жас өзінің мамандығын жақсы көріп, сүйсініп істеп, адал қызмет жасаса еліміз көркейеді деп ойлаймын»,- дейді Сұлтан. 

Кран жүргізушісі – аса жауапкершілікті қажет ететін ауыр, бірақ өте маңызды мамандық. Құрылыс алаңында үлкен техниканы басқарып, ауыр жүктерді көтеру – екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл мамандықты таңдайтын адамдар – өте мұқият, сабырлы әрі кәсібіне адал жандар. 

Кран жүргізушілер құрылыс алаңдарында, зауыттарда, порттарда түрлі жүктерді көтеріп-түсіреді, дәлдікпен орнатып, қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жұмыс істейді. Бұл мамандықтың ерекшелігі — физикалық күштен гөрі зейін, төзім, ұқыптылық пен дәлдік қажет. 

Көпшілік сырттай қарағанда оңай көрінуі мүмкін, бірақ әр көтерген жүк, әр қозғалыс – үлкен қауіппен байланысты. Сондықтан, кран жүргізушілерінің еңбегін бағалап, құрметтеуіміз керек. Олар – қала мен ауылдың құрылысына үнсіз үлес қосып жүрген нағыз еңбек адамдары.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер