Сәйгүлік баптаған Шайхан қажы

image.png

Атбегілікке қызығушылық танытатын¬дардың қатары көп болғанымен, ат баптау ісі екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние. Дегенмен, Шымкент қаласында  ат баптау ісіне ынталы азаматтардың қатары артып келеді. Солардың қатарында Шайхыбастан Қалмырзаев та бар. 

Ат баптап, оны сұрыптаудың қыр-сырын бала күнінен меңгерген. Мектепті бітірген соң сонау Семейде оқып, зоотехник мамандығын игеріп шығады. Елге оралған соң ревком комсомолында инструктор, кейінірек хатшы болады. Өз мамандығымен жұмыс істеуге мүмкіндік Шымкентте жаңа ипподром ашылғанда туады. Кейіпкеріміздің сөзінше, оны жүмысқа Шымкент облысы партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаровтың өзі шақырыпты. «Өз мамандығым бойынша жұмыс істейтініме қуанып, келісім бердім. Ол жерде білікті зоотехниктер көп болғанымен жылқыны жете жоқтың қасы еді. Ат баптауды жаныммен сүйетін бала күнімнен әкемнен, институтта профессор Садықовтан алған білімім мен білігімді көрсетіп, жұмысқа қабылдандым. Кейінірек А.Асқаров мені К.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылығы академиясына 6  айға білімімді жетілдіріп, тәжірибе алмасуға жіберді»,- деген кейіпкеріміз қалаға оралған соң орыс желісті жылқысы және Орлов жылқысы, сондай-ақ Түркіменстаннан әкелінген асыл тұқымды 15 ақалтеке жылқысын осында баптап, тұқымын көбейту жолында аянбай еңбек еткенін айтады. 

Ат баптауды жаны сүйетін Шайхыбастан ағамыз әлі күнге дейін ата кәсіптен қол үзген емес. Жекежай жанындағы шаруашылығында әлі де асыл тұқымды ат баптап, жылқы басын көбейтіп  келеді. Ресейден асыл тұымды биелеп әкеліп, қазақы айғырмен будандастырады. Ел ішінде Шайхан қажы атанған атбегінің бүгінде елге танылған Байтөре деген тұлпары бар. 9 дүркін әлем чемпионы атаныпты. Ал оның төлі «Палуан көк» те әлемдік сайыста «Тұран тұғыры» атанып, бас жүодені қанжылаған. 

«Мен ат баптап қана қоймай, шабандоз жігіттерді де арнайы іріктеуден өткізіп, тәрбиелеймін. Әр көкпарға 5-6 ат қосамын. Көкпарды тек тәуекелшіл, жүректі жігіттер ғана шаба алады. Бабы келіскен жылқыға еш кесел жуымайды, бірақ тіл-көзді көтере алмайды»,- дейді ол.  

 Бұл кәсіпті әкесінен үйренген кейіпкеріміз қазір өзінің ұлдарын да атбегілікке баулып жүр. Танымал тұлғалармен қызметтес болып, биік белестерді бағындырса да Шайхан қажы адал еңбектен және қарапайымдылық болмысынан ажыраған емес. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • 25 колледждің базасы нығаяды
  • Текесу тұрғын алабына 14 шақырым су құбыры жүргізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер