Қуыршаққа жан бітірген әртіс

image.png

Ширек ғасырға жуық тарихы бар  Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры  әр елдің шығармаларын ұлттық тілде сахналаумен бірге талантты артистердің, қуыршақ шеберлерінің, режиссерлердің, суретшілердің бірнеше ұрпағын тәрбиелеп шығарды. Солардың  бірі театр әртісі – Ерғали Тұрдалиев. Тағдырын театрмен түйістіріп, қуыршақты сөйлетіп, кішкентай көрермендердің көңілінен шыға білген жан. Қазақ қуыршақ театр өнерінің дамуына өз үлесін қосып жүрген еңбек адамы белгілі ертегі желілері бойынша сахналанған пьессаларда 70-тен артық рөл ойнап, қуыршақ жүргізу өнерінің қыр-сырын меңгерген. Оның қолындағы қуыршаққа жан бітіргенде,  нағыз дарынды өнер иесі екенін байқайсыз. Оның сахнадағы ән айтуы мен пластикасы керемет үйлесім табады. Үнемі ізденіс үстінде жүретін әртіс. 

Қойылым соңында сахна төрінде көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп тағзым етпегенмен, есімдері спектакль афишалары мен бағдарламаларында жазылмағанмен  қасиет¬ті театр өнерін көпшілікке паш ету жолында аянбай тер төгіп,  қуыршақ театрының «көрінбейтін», бірақ көрерменіне азық болар спектакльдерін көрсетуге асығатын еселі еңбек иелері турасында бірде айтылса, енді бірде айтыла бермейді. 

«Өнер жолы – расында қызығы мен қиындығы, күйініші мен сүйініші қатар қабысқан күрделі жол. Сахна – өзің үшін ғана емес, сен арқылы өнер туралы ой өрбітетін көрермен үшін де жауапкершілік артатын қасиет¬ті орын. Ал қуыршақ театрының артисі болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Себебі періште жүректі бүлдіршін жасандылықты қабылдамайды. «Театр өнерді сүйетіндерге ғана емес, өмірді сүйетіндер үшін арналған» деген қанат¬ты сөз бар. Қуыршақ театрының артистері – баладай аңғал, көңілшең де көпшіл. Әрбір рөлге деген сүйіспеншілік, оны жоғары деңгейде шығаруға деген талап пен еселі еңбек – ең маңызды алғышарт¬тар. Өйткені қуыршақ театрының артистері өзін көрсетуге емес, қуыршаққа жан бітіруге, кейіпкерін ашуға барын салады, ғажайып¬қа, ертегіге үндейді»,- дейді кейіпкеріміз қуыршақ театры қазіргі таңда қуыршақ қойылымдарының жанрлық түрленуін заманауи үлгіге сәйкестендіре отырып, әр түрлі жастағы көрермендерге лайықталған спектакльдерді сахналап жүргенін айтады.

Қуыршаққа жан бітірген, өз ісінің нағыз шебері  Ерғали Тұрдалиевтің еңбегі еленіп, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталған. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте ауқымды сенбілік өтті
  • Құрыш қолды құрылысшылар марапатталды
  • Еңбегімен сыйлы болған құрылысшы
  • Халыққа сапалы ауыз су жеткізудің хас маманы
  • Тазалық бар жерде береке бар
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер