Байланыс саласына 40 жылға жуық ғұмырын арнаған жан

image.png

Заманауи қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналған байланысты қамтамасыз ететін   қызметкерлер ол – байланысшылар. 

Қазіргі таңда байланыс және телекоммуникация саласында еліміз бойынша 100 мыңнан астам маман еңбек етуде. Олардың кәсіби шеберлігі мен табанды еңбегінің нәтижесінде Қазақстан халқының 94 проценті интернетке қол жеткізе алды. Соңғы бес жылда 1 578 ауылға интернет желісі қосылды. 

Байланыс қызметкерлерінің еңбегі – көзге көрінбегенімен, әрбір қазақстандықтың күнделікті өмірінде маңызды рөл атқарады. Олар – адамдарды, қалалар мен ауылдарды, ел мен әлемді жалғап тұрған көрінбес көпір. Бір емес үш бірдей өңірдің байланысын жалғап тұрған кейіпкеріміз  еңбек адамының нағыз үлгісі. Қырық жылға жуық осы салада тер төгіп келе жатқан Үсенхан Аубакиров байланысшылар династиясын жалғастырған маман. 

Кейіпкеріміздің әкесі Жақып  Аубакиров байланыс саласында 48 жыл табанды еңбек етіп, құрметті зейнетке шыққан адам. «Менің жолымды бір ұлым қуса» деген ізгі арманын Үсенхан ағамыз орындаған. 

 Бүгінде Шымкент қаласында орналасқан «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасының Оңтүстік өңіріндегі өкілетті өкілі еңбек жолын 1986 жылы Шымкент облысы Киров ауданы байланыс торабын күшейту пунктінде  қарапайым инженерден бастаған. Ізденімпаз, білімді, жауапты маман сатылап өсіп, бүгінгі қызметке дейін адал жолмен жеткен. Шымқаладғы мекемеде 1998 жылдан бері қызмет атқарып келеді. 

«2005 жылдан бастап еліміздің байланыс саласында үлкен оңды өзгерістер орын алды. Қазір Қазақстанның ұялы байланыс және интернет сапасы жылдан жылға жақсарып келеді. Жұмыс барысымен шетелдерде болғанда интернет сапасын салыстыормалы түрде қараймын. Біздің ғаламтордың сапасы ТМД елдері ішінде ең сапалысы деп айта аламын. Жалпы байланысшы мамандары ешқашан шетте қалмайды. Себебі бұл мамандық заман ағымына сай сұраныстан қалмай келеді. Байланысшы – жан-жақты саланы игерген маман»,- деген  Үсенхан Жақыпұлының ұлы Алмат та осы салада 15 жылдан бері еңбек етуде.  

Өз ісінің шебері ғылымнан да кенде емес. 2009 жылы ол байланыс саласы бойынша кандидаттық диссертация қорғап, 9 жылдық ізденістің нәтижесінде экономика ғылымдарының кандидаты атанды.   «Үздік байланысшы» атағының, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Бүгінде ол екі ұл, үш қыз тәрбиелеп отырған ардақты әке, аяулы жар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте ауқымды сенбілік өтті
  • Құрыш қолды құрылысшылар марапатталды
  • Еңбегімен сыйлы болған құрылысшы
  • Халыққа сапалы ауыз су жеткізудің хас маманы
  • Тазалық бар жерде береке бар
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер