Қоғамдық кеңесте маңызды мәселелер қаралды

image.png

Шымкентте өзекті мәселелер Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында талқыланды. Қоғамдық кеңес төрағасы Бұхарбай Парманов жүргізген жиынға кеңес мүшелерімен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, кеңесте  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Көшекбаевтың, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әсет Оңғардың, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгүл Жұмағұлованың баяндамалары тыңдалды. 

Табиғи монополиялар мәселесіне тоқталған Қ.Көшекбаевтың айтуынша, бүгінде Шымкент қаласы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің тізілімінде 76 қызмет түрі бойынша 56 субъект тіркелген. Бұдан бөлек, қоғамдық маңызы бар нарықта 1 субъект жұмыс істейді.

Департамент 5 негізгі табиғи монополия субъектісінің қызметін реттейді. Олар: «Су құбыры және канализация» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС; «3-Энергоорталық» АҚ; «Қуатжылуорталық-3» МКК; «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы. Аталған субъектілердің барлығы 5 жылдық тарифтер негізінде, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қызмет атқаруда.

Сонымен қатар, отырыс барысында Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының 2025 жылға арналған бюджеті таныстырылды. Жалпы бюджет көлемі 26 049,3 млн теңгені құрайды. 

Оның ішінде: мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы жобаларға – 15 175,6 млн теңге; қаладағы каналдардың техникалық жай-күйін жақсарту мен су ағынын бақылау – 3 106,6 млн теңге; күтіп-ұстау жұмыстарына – 217,4 млн теңге; дендрологиялық саябақты күтіп ұстау – 763,3 млн теңге; «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесін күтіп ұстау – 515,6 млн теңге; қаланың көше және саябақ аумақтарын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына – 4 332,7 млн теңге бағытталмақ.

 Отырыстың қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен мәселелер тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жолданды.

 Қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Жаяу жүргіншіге де жауапкершілік жүктеледі
  • Аялдама павильондары жаңартылуда
  • Адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде
  • Қоғамдық кеңесте маңызды мәселелер қаралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер