Газ қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жүргізілуде

image.png

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі басты назарда. Әсіресе, тілсіз жау саналатын көгілдір отыннан келер қауіп аз емес. Газды дұрыс тұтынбаған жағдайда арты оқыс оқиғаларға ұласуы мүмкін. Осындай келеңсізжағдайлардың алдын алу үшін  Шымқала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында газ техникалық қызметінің инспекторлары тұрғындар арасында күнделікті газдан уланудың алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.  Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай бұл жұмыстардың мақсаты – халыққа газ жабдықтарын дұрыс пайдалану және олардың қауіпсіздігі туралы толық мәлімет беру.

Қазіргі таңда тұрмыстық және өндірістік мақсатта газды қолдану - кең тараған құбылыс. Алайда газдың пайдалы жақтарымен қатар, қауіпсіздік ережелері сақталмаса, үлкен қауіп тудыруы мүмкін. Газға қатысты жазатайым жағдайлар жиі кездесіп жатады, олардың негізгі себебі – газды дұрыс қолданбау. Желдетілмейтін бөлмеде (ванна) газды қолдану, газ құралдарын өз беттерінше жөндеу немесе монтаждау, жарамсыз немесе ескірген құралдарды пайдалану, газ плитасын немесе газ баллондарын қараусыз қалдыру салдарынан тұрғындар өміріне қауіп төнетін жайғдайлар жиілеуде. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтай отырып, газ техникалық қызметінің инспекторлары тұрғындарға мынадай кеңестер береді:

1. Газ құралдарын тек мамандар орнату және тексеру;

2. Газдың иісі шыққан жағдайда дереу терезелерді ашып, газды өшіру және 104 нөмеріне қоңырау шалу.

3. Жабық бөлмеде газ қолданбау, әсіресе жуынатын бөлмеде. Желдетуді қамтамасыз ету.

4. Газ құралдарын қараусыз қалдырмау.

5. Газ құралдарын уақытылы байқаудан өткізу.

6. ВДГО (ҮІГЖ) ұйымдарымен келісім шартқа тұру.

Қауіпсіздік шараларын сақтау, газ құрылғыларын тексеріп, жөндеуден өткізу әрбір азаматтың жауапкершілігі. Газ - адам өмірін жеңілдететін қуатты ресурс. Бірақ оны қолданғанда өте мұқият болу қажет. Газды дұрыс қолданбау қоғамдық деңгейдегі апатқа алып келуі мүмкін. Сондықтан әрбір азамат газ қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Газбен жұмыс істеу үлкен жауапкершілік екенін әрдайым есте сақтайық.

Газ техникалық бөлімі: 

Whatsapp 8771 165 08 49 , 8 702 447 25 92.

Әкімшілік 8 (7252) 24-75-04,

Instagram: kgu_gaztex , газ жедел қызметі: 104

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 770 тұрғынды кәсіптік оқыту жоспарлануда
  • Жарты ғасырдан бері қолданыстағы «Ақжар» су қоймасына реконструкция жасалды
  • Бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлерге шара қолданылды
  • Халықпен жүздесу - билік пен халық арасындағы үндестік
  • 300 орындық жатақхана салынып жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер