Құрылысқа серпін берген зауыт

image.png

Шымкент қаласындағы маңызды индустриалды аймақтардың бірі - «Жұлдыз». Бұл аймақты құру жұмыстары 2020 жылы басталып, былтыр толықтай іске қосылды. Мұнда құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі шоғырланған. Аймақта жалпы көлемі шамамен 166 миллиард теңгені құрайтын 46 ірі заманауи кәсіпорын ашылады.  Аталмыш индустриалды аймақта орналасқан First Concrete Company жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - – өңірдегі ірі темірбетон бұйымдарын өндіруші кәсіпорындардың бірі болып табылады.  Зауыт  өңірлік құрылыс саласына серпін беруде.

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы таратқан мәлімет бойынша кәсіпорын ай сайын 2 500 м³-тан астам темірбетон (ЖБИ) өнімін өндіріп, ірі құрылыс жобаларын сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуде.

Зауытта сапалы фундаменттік блоктар, плиталар, лотоктар,  жоғары кернеулі әуе электр желілеріне (ЛЭП) арналған бағаналар шығарылады. Барлық өнімдер мемлекеттік стандарттар (ГОСТ) талаптарына толық сәйкес әзірленіп, заманауи зертханалық бақылау мен сапа сынағынан өткізіледі.

Зауыттың ивестициялық құны – 4,7 миллиард  теңгені құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына - 60 000 м3. Зауыттың өндірістік қуаты мен технологиялық мүмкіндіктері ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, өңірдегі құрылыс индустриясының дамуына елеулі үлес қосуда.

Барлық өнімдер Қазақстан Республикасында қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға (ГОСТ) толықтай сәйкес әзірленіп, сапасы бойынша мамандандырылған зертханалық сынақтардан өткізіледі. Бұл өз кезегінде өнімнің ұзақмерзімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етеді.

First Concrete Company заманауи технологияларды қолдана отырып, өндіріс процестерін үнемі жетілдіріп, еңбек қауіпсіздігі мен экологиялық талаптарға да баса назар аударады. Кәсіпорында тәжірибелі мамандар жұмыс істейді, бұл өндіріс сапасын жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның негізгі мақсаты – сапалы әрі сертификатталған темірбетон бұйымдарын шығару арқылы ел экономикасының құрылыс секторына үлес қосу, сондай-ақ серіктестері мен тұтынушыларына сенімді және тиімді шешімдер ұсыну. First Concrete Company бүгінгі таңда өзін сенімді өндірістік әріптес ретінде танытып, өңірлік индустриялық дамудың бір тармағына айналып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қала тазалығы – қоғам айнасы
  • Волонтерлер мектебі ашылды
  • Жылу сыйлайтын жан
  • Шымкентте дайындалған ең үлкен гамбургер «КИНЭС» рекордтар кітабына енді
  • Ойын алаңы қалпына келтірілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер