Газ саласының үздіктері анықталды

image.png

2025 жыл – елімізде Жұмысшы мамандық жылы деп жарияланып, өндірістегі нақты еңбек иелерінің мәртебесін арттыруға ерекше мән берілуде. Бұл бастама аясында мұнай және  секторының жұмысшы кадрларына деген құрмет те арта түсті. Себебі бұл салада еңбек етіп жүрген әрбір жұмысшы – ел экономикасына тікелей үлес қосып жүрген білікті маман. Әсіресе, оператор, слесарь-жөндеуші, электрмонтер, дәнекерлеуші сынды жұмысшы мамандықтар – өндірістің жүрегі, алдыңғы шепте еңбек етіп жүрген жандар.

Мамандардың кәсіби шеберлігі-өндірістің өркендеуі мен сапалы жұмыстың кепілі. Осыны берік ұстанатын күндері «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Шымкент өндірістік филиалында жұмысшы мамандықтары арасында «Үздік маман – 2025»  кәсіби шеберлік байқауын өткізді. «2025- Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған жарыстың мақсаты газ саласында еңбек ететін қызметкерлердің біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және қауіпсіздік мәдениетін нығайту. Сайыс барысында мамандар теориялық білімін танытты. Өндірістік алаңда білігі мен тәжірибесін көрсетті. Сарапшылар тапсырманы орындауға жұмсалған уақыт, жұмыстың сапасы, қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ жарақат алғандарға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету және басқа  дағдыларын бағалады.

«Газ шаруашылығы – қауіпті өндіріс саласы. Сондықтан әр қызметкердің кәсіби дайындығы мен жауапкершілігі өте маңызды. Мұндай байқаулар жұмысшылардың білімін шыңдап, тәжірибесін арттырып, саладағы үздіктерді анықтауға мүмкіндік береді», – дейді ұйымдастырушылар. 

Еңбекқор мамандардың арасында өткен байқау қорытындысы бойынша кәсібм шеберлігін танытқан 4 маман жүлдегер атанды. Олар: слесарь Ж.Санжаров, монтер М.Базарбай, электрогаздәнекерлеуші А.Мәуленов және слесарь Нұржан Тілеубергенов.   Шара «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ аясында өтетін дәстүрлі байқаудың өңірлік кезеңі ретінде өткізілді. Сондықтан байқауда топ жарған қызмкеткерлер сайыстың келесі кезеңінде тағы бақ сынайды. 

Иә, халықты газбен жабдықтау саласы мамандарының қиын да жа¬уапты жұмыстары кей¬де көзге көрінбей де жататыны рас. Алайда қыстың үскірік аязына, жаздың аптап ыстығына қарамастан елді дер кезінде көгілдір отынмен қамтамасыз ету, сондай-ақ қауіптің өтінде жүріп, өз өмірін қатерге тіге отырып, қызмет қылу – өз ісіне берік мамандардың қолынан ғана келсе керек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жиырма жылын су шаруашылығына арнады
  • 39 жылын газа саласына арнаған маман
  • Жұмысшы мамандықтар: Болашақтың негізгі құрылысшысы
  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Еңбек, кәсібилік, адалдық...
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер