Өмірін жан-жануардың саулығына арнап келеді

image.png 

Мемлекет басшысы  Қ.Тоқаев   «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»  атты Жолдауында: «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді»,- дей келе еңбек адамының қоғамдағы рөлін анықтап берген болатын. 

  Нағыз еңбек адамдары деп зоотехниктерді де атауға болады. Зоотехник – бүгінде ауылда мал өсірген шаруашылықтар үшін таптырмайтын мамандық. Кеңес заманында зоотехник лауазымы үлкен шаруашылықтарда басшылық қызмет қатарынан саналатын. Өкінішке қарай, мал мамандарының маңызына соңғы уақытта аса көңіл бөлінбей кетіп еді. Қазіргі таңда ауылшаруашылығындағы маңызды, таптырмайтын бұл мамандық иелерін оқытуға, кәсіби мамандарды даяурлауға аса ден қойылуда. Мал шаруашылығы маманы жануарлардың мінез-құлқын жақсы түсініп, денсаулығы мен азығын қамтуы керек. Олардың көбеюіне, дұрыс бағылуына да жауапты.Осындай адал, ісіне жауапты маманның бірі - Талғат Будеев.

1982 жылы Алматы малдәрігерлік институтының зоотехния факультетіне оқуға түсіп, 1989 жылы аталған мамандық бойынша оқуымды тәмамдаған. Содан бері түрлі шаруашылықтарда зоотехник ретінде еңбек етуде.

 Қазір  Шымкент зоопаркінде бас зоотехник қызметін атқарып келеді. 

 «Зоотехниктің негізгі міндеті – ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісінің маңызды факторы болып табылатын малдың өнімділігін арттыру. Мал шаруашылығы маманы малдан алынатын сүттің, еттің, жұмыртқаның,  басқа да өнімдердің сапасы мен мөлшерін жақсарту үшін дұрыс әдіс-тәсілдер мен технологияларды таңдай білуі керек. Малдың саулығына да жауаптымыз, ауруды анықтап, жануарларды емдейміз. Жаңа әдістер мен технологияларды әзірлеуге, сондай-ақ, мал шаруашылығының тиімділігін арттыруға бағытталған тәжірибелерді енгізуге әр¬дайым ұмтылып тұрамыз»,- дейді Талғат Жарасханұлы. 

Зоотехния — жануарлармен тығыз байланысты, жауапкершілігі мол әрі тәжірибе мен білімді талап ететін маңызды сала.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Өмірін жан-жануардың саулығына арнап келеді
  • Спортты дамыту басты назарда
  • 1 миллион шымкенттік сақтандырылған
  • Медициналық көмектің сапасы жоғарылап келеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер