Колледждерге 8000 оқу гранты бөлінді

image.png

Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде елімізде 772 колледж жұмыс істейді. Еңбек нарығын сұранысқа ие мамандармен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет 9-сынып түлектеріне тегін білім алу мүмкіндігін жасауда.

Биыл сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім беру бойынша тегін оқумен қамтылатын студенттер саны 153 мыңды құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 мың орынға артты. Мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық мамандықтарға, оның ішінде машина жасау, көлік, энергетика  және басқа да салаларға бағытталатын болады.

Негізгі басымдық – бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, білім беру мекемелерін заманауи материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз ету, педагогтердің біліктілігін арттыру. Қазіргі таңда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін трансформациялау бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде, бұл мемлекеттік тапсырыстың көлемін ұлғайтуды, білім беру бағдарламаларына үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуді, кәсіби шеберлік чемпионаттарын өткізуді қамтиды.  Қазіргі уақытта колледждерге 518 кәсіпорын шефтік қамқорлық көрсетеді, олардың санын 4 мыңға жеткізу жоспарлануда.

Үшінші мегаполисте «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай бірқатар ауқымды шаралар жасалуда. Әсіресе кәсіптік білім беретін колледжерде студенттердің, сұранысқа ие мамандықтардың санын арттыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ гранттар саны белгілі болды. 

2025–2026 жаңа оқу жылына Шымкенттегі  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау 25 маусымнан басталды! Биылғы жылы қала бюджетінен 8000 оқу гранты бөлін 8000 оқу гранты бөлін іп, 26 колледжге үлестірілді.

Гранттар келесі салаларға бөлінді:

• Білім – 855 орын

• Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 454

• Әлеуметтік ғылымдар және ақпарат – 90

• Бизнес, басқару және құқық – 25

• Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 1365

• Инженерлік, өңдеу және құрылыс – 3490

• Ауыл, орман, балық шаруашылығы, ветеринария – 25

• Денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау – 450

• Қызмет көрсету саласы – 1246

Құжаттар қабылдау екі жолмен жүзеге асады:  тікелей колледждер  және  www.egov.kz порталы арқылы

«Құжаттар қабылданған соң, ақпараттық жүйе автоматты түрде гранттарды үлестіреді. Мемлекеттік тапсырыс иелері тамыз айының соңында жарияланады» дейді мамандар. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Өмірін жан-жануардың саулығына арнап келеді
  • Спортты дамыту басты назарда
  • 1 миллион шымкенттік сақтандырылған
  • Медициналық көмектің сапасы жоғарылап келеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер