Еңбек адамы - ең сыйлы адам

image.png   

 Әр саланың өз қиындығы мен қызығы болады. Өз кәсібінің шебері болу – әрбір жанның мамандыққа деген жауапкершілігінен бастау алары сөзсіз. Жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған аязында да, қолайсыз жағдайлардың бел ортасында жүретін еңбек адамының қызыметі ерен. Дәл осындай еңбегімен ел алқауына бөленіп,   шымшаһардың көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар аз емес. Солардың бірі қаладағы №35 бағыттың автобус жүргізушісі Ғабит  Келеғұлов. Қоғамдық көліктің тізгінін ұстағанына 15 жылдан асқан жүргізуші әр жолаушының қауіпсіздігіне жауапты екенін сезіне біледі және өз міндетін мінсіз орындап келеді. Оның еңбекқорлығы мен жауапкершілігі жастарға үлгі екені даусыз. Жол ережесі, жолаушылардың қауіпсіздігі, тұрғындардың діттеген жеріне уақытылы жетуі барлығы ерен еңбекті қажет етеді. 

«Біздің күнделікті жұмыс уақытымыз таңғы сағат 4;30 , 5:00-де  басталады.  Автотұраққа келіп, жұмысқа кірісеміз. Біздің басты міндетіміз бірінші кезекте қоғамдық көліктің жүрегі саналатын моторын, оның майын, суын тексереміз. Одан кейін жарық шамдардың да жағдайын тексереміз. Автобустың ішінде  міндетті түрде апаттық балға болуы керек. Қоғамдық көлік толық жұмысқа дайын екендігіне көз жеткізген соң жүргізуші орындығына отырып, жұмысқа кірісеміз. Бекітілген кесте бойынша жұмыс істейміз. Әр жұмыстың өзінің қиындықтары болады. Біздің жұмыстың қиындығын айта кететін болсақ жол бойындағы кептелістер. Өздеріңіз білесіздер, Шымкент қаламыз үшінші мегаполис болғаннан кейін қалада көліктер өте көп. Біздің басты міндетіміз халықтың көңілінен шығу. Қаламыздың көркі қоғамдық көлік болғандықтан біз барынша халықпен жақсы қарым қатынаста боулға тырысамыз. Әр жолушының сұрағына жауап беріп, көмектесуге тырысамыз. Онымен қоса автобуста дауыстық хабарлама  жұмыс жасайды. Осы салада еңбек етіп жүргеніме 15 жыл болды. Бала-шағамның несібесін қоғамдық көлікті басқарып  тауып жүрмін. Әдемі шаһарымыздың дамуына кішкене болса да үлесімді қосып жүрмін деп есептеймін,- деген еңбек адамы тұрғындарға өз кеңесін берді. «Қала тұрғындарына айтарым әр жұмыстың, мамандықтың өзінің қиындықтары бар. Бірақ әр адам өзінің жұмысына аса ерекшелікпен, зейін қойып орындаса жетістікке жетеді. Еңбектің наны тәтті болады. Сондықтан еңбектеніңіздер, білімді болыңыздар»,- дейді  Ғабит Бектемірұлы. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Білімді жастарға қолдау бар
  • Тазалық жаршылары құрметке лайық жандар
  • Отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсетіліп келеді
  • Қауіпсіз қоғам – бақытты болашақ
  • Әрбір нысан қаланың ажары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер