Бүлдіршіндерді сайратқан Мадина

image.png

Президент Қ. Тоқаев нағыз еңбек адамы дегеніміз кім екенін пайымдап, «бұл, ең алдымен, өзіне жүктелген міндетті орындау үшін барын салып еңбек ететін білікті маман. Нағыз еңбек адамы — бұл істің адамы, яғни әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын адал азамат» деген болатын.  Бүгінде қоғамда еңбекқор, адал, нағыз өз ісінің шеберлері көп. Солардың бірі Шымкент  тұрғыны Жақсылық Мадина. Оның мамандығы логопед-дефектолог. Талай бүлдіршіннің таза сөйлеуіне септігін тигізіп жүрген еңбек адамының басты ұстанымы адал еңбек. 

 «Осы салада жүргеніме 6 жылдан асты.  Осы күнге дейін 100-ден аса баланың тілінің шығаруға көмектестім. Үш жылдан бері  №38 мектеп гимназиясында жұмыс істеп келемін. Менің қызметіме көбінесе бірінші және екінші сынып оқушылары жүгінеді. Ең негізгі балалардағы проблема ол дыбыстың дұрыс шықпауы.  «Р» дыбысының шықпауы, «с», «ш» және де әртүрлі басқада әріптерін түзету жұмыстарын талап ететін әртүрлі диагноздармен жұмыс жасаймын. Күнделікті жұмысым таңғы тоғыздан басталады. Әр сабағымыз 40 минутқа созылады. Балалар келген кезде біз ең алдымен олармен  дұрыс қарым-қатынас орнатып аламыз.   Ең көп ата аналардан түсетін  шағым  баланың дұрыс сөйлемеуі.  Қазіргі таңда мектепте  бір сыныпта 25 бала болатын болса соның 80 пайызы дұрыс сөйлемейді. Біздер, яғни логопедтер осындай түзету жұмыстарын ісетейміз. Жалпы балалармен жұмыс істеу үлкен жауапкершілік әрі адамға қуаныш сыйлайды»,- дейді  логопед маман.

  Кейіпкеріміз нағыз өз ісінің шебері ғана емес сонымен қатар көпшілікке үлгі болып жүрген табысты кәсіпкер.  Logozat.kz дүкенінің негізін қалаушысы.

«Аталған  дүкеннің ашылғанына 3 жылдан асты. Баламен жұмыс жасау кезінде керекті әр түрлі құралдарымыз бар. Сол құралдарды іздеу кезінде біздің Қазақстанда тапшы екенін білдім. Бар болса да өте қымбат болды. Сол кезде  маған неге мен өзім логотопед дефектолог ретінде ата аналарға көмек ретінде Қазақстанда осындай құрал-саймандарды  қолжетімді бағада сататын дүкен ашпасқа деген ой келді. Әр түрлі ойыншықтарды қолдану арқылы біз өзгелерге көмегімізді беріп жатырмыз. Жастарға беретін ең бірінші кеңесім дұрыс мамандық таңдау керек және әрдайым ізденісте болыңыздар. Сауатты болыңыздар.  Кәсіп бастаудан  қорықпай тәуекел ете біліңіздер. Тәуекелшіл адам әрдайым жетістікке жетеді»,- дейді тәуекелшіл Мадина. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Білімді жастарға қолдау бар
  • Тазалық жаршылары құрметке лайық жандар
  • Отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсетіліп келеді
  • Қауіпсіз қоғам – бақытты болашақ
  • Әрбір нысан қаланың ажары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер