Индустриалдық аймақ гүлмен көмкерілмек

vlcsnap-2018-08-15-15h28m21s230-696x392.png

Қаланың мәртебесі өскелі, жан-жағы жиналып, жолы түзеліп, көріктендіріліп жатыр. Қаланың индустриалды аймағына барар жолдың бойында көріктендіру жұмыстары қызу жүргізілуде. Қаланың коммуналдық қызметіне жауапты мекеме жұмысшылары жолдың ортасындағы алаң мен жиектерін көгалдандыруға кіріскен. Мамандардың мұнда жұмысты бастағанына біраз болды. Жол бойындағы ескі топырақты алып, жаңа топырақ тегістеліп жатыр. Жұмысшылар одан кейін шым егуге кіріседі. Жасыл желекті суғаратын жүйе де қарастырылған. Тартылған құбырдағы тетіктер мен бұрамалар суды үнемдеуге мүмкіндік береді дейді коммуналшылар. Ұзындығы 3 шақырым жолдың бойындағы қураған бұталар кесіліп, ағаштар ретке келтірілмек. Мұндай санитарлық шаралар қарағаштардың ұзақ мерзім сақталуына оң әсерін тигізеді дейді сала мамандары. Бұдан бөлек топырағы жаңаланған жерлерге гүл отырғызу жоспарланған. «Қиылыстарда біржылдық түрлі- түсті гүлдер отырғызылады. Күтімі «Байтерек ЛБ» серіктестігі жұмысшыларының мойнында. Жолдардың тоғысқан жеріндегі  алаңда раушан гүлдерді түбімен алып тастадық. Олардың орнына да біржылдық  гүл отырғызамыз»,- дейді агроном Талғат Юсупов. Өндірістік аймаққа барар жол кеңейтілуде, ені 8-8,5 метрді құрайды. Күре жолдың бойында жаяу жүргіншілерге арналған жолақ та қарастырылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер