Мектептер жаңа келбетке енуде

789bbd94a082caf349ecdda61fb38988-460x260.jpg 

  Шымкентте жаңа оқу жылына қызу дайындық жүріп жатыр. Әрине ең бастысы білім ошақтары дайын болуы керек.  Былтыр қаладағы  3 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, жаңа келбетке ие болған еді. Биыл 11 білім ұясы дәл осылай жөнделіп жатыр. Бұл үшін бюджеттен 2 миллиард 400 миллион теңге бөлінген. Солардың бірі Төлеген Тәжібаев атындағы мектеп гимназиясы. Білім  мекемесі 1999 –шы жылдан бері қарай бірде-бір рет күрделу жөндеуден өтпеген екен. 31 жыл ел игілігіне қызмет еткен нысан биыл толық жаңартылып жатыр. Шатыры ауыстырылып, қабырғасы қайта сыланып, есік, терезе, еден толығымен жаңаруда. Құрылыс жұмыстарын қолға алған  «Жаңа арна» ЖШС-і өкілдері мектепті тамыз айының ортасында тапсырамыз, – деп отыр.

3-ші мегаполисте бүгінгі таңда апатты жағдайдағы мектептер мүлдем жоқ. Шаһардағы  133 мектептің барлығы жіті бақылауда, – дейді мамандар. Жыл сайын мемлекет тарапынан  білім саласына көңіл аударылып, қаржы  бөлініп келеді. Биылдың өзінде 8 мектеп, 2 балабақша, 1 мектепке дейінгі мекеме күрделі жөнделіп жатыр. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кәсіпорындарда цифрландыру және технологиялық жаңғырту жұмыстары басталды
  • Алтынтөбе тұрғын алабын газбен қамтамасыз ету жобасы аяқталуға жақын
  • Қазақстан экономикасының өсуі: Cаннан – сапаға қарай
  • Шымкент қаласының әкімі құрылыс және абаттандыру нысандарын аралады
  • В Шымкенте прошла республиканская акция «Народный юрист»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер