Әсер қалдырған көрме

5b5c72f4d2476.jpg     

 Астананың 20 жылдығы республика өңірлерінде кеңінен тойланды. Бұл мерекеден Шымкент те тыс қалмады.    Атаулы датаға орай жақында қаладағы бейнелеу өнер музейінің залында  Астана қаласының Қазақстан өңірлеріндегі күндері аясында «Ақ тілекпен, Астана!» атты көрме өтті. Бұл көрмеге Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік Сарайының қорынан қазақстандық суретшілердің 100-ге жуық жұмысы ұсынылған. Атап айтқанда, А. Ақанаев, Е. Айтуаров, Р. Күлбатыров, А. Смағұлова, М. Бекеев, С. Аллабергенов, Н. Қаржасов, Р. Слекенов, А. Қазығұлов, К. Базарғалиев, А. Сыдыханов, Ж. Мүсәпір, Н. Бубэ, З. Қожамқұлов, Б. Бүрдесбеков, А. Құлбай, А. Смағұлова, А. Есдаулетов, Е. Сидоркин, К. Каметов, Е. Оспанұлы, К. Муллашев, M. Байбосынов, Ө. Тлеулиев, Д. Макин, Д. Нүгер сынды 50-ден астам қылқалам шебері және мүсіншілер Т. Ермеков пен С. Смағұловтың жұмыстары қамтылған. Суретшілердің түрлі стильдер мен дәуірлерді байланыстыратын туындылары әр түрлі кезеңдердегі топтастыру уақытын қамтиды. Айта кетейік, «Ақ тілекпен, Астана!» шығармашылық жобасы 3 күнге жалғасады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарында өтеді. Ендігі кезекте аталған өнер иелерінің туындыларын қызылордалықтар тамашалай алады. Ал 24 қыркүйекте Алматы қаласында қорытынды галаконцерт өтеді деп күтілуде.

    Әйгілі суретшілердің көрмесін тамашалаған қала тұрғындары қонақтары ерекше әсерге бөленді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Жаяу жүргіншіге де жауапкершілік жүктеледі
  • Аялдама павильондары жаңартылуда
  • Адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер