«Сергек» қауіпсіздікті күшейтпек

1532066838.jpeg      

Республиканың үшінші мегаполисі барлық сала жағынан мінсіз болуы керек. Қаланың өмірін жақсарту мақсатында шаһар «Ақылды қала» жобасына енгені мәлім. Осы орайда Шымкентте қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасанды интеллекті бар бірыңғай бейнебақылау жүйесін құру жоспарлануда. Қазіргі таңда  тиімділігі дәлелденген «Қауіпсіз қала» жобасы аясында мегаполисте бейне-бақылау камераларының саны 479-ға дейін артып, интеллектуалды қиылыстар 21-ге дейін ұлғайтылды. Талдау нәтижелері көрсеткендей, бұл жұмыстар қала көшелерінде жасалған қылмыстың деңгейін шамамен 17% -ға төмендетуге мүмкіндік беруде. Қазіргі таңда қалалық әкімдік тарапынан әлеуетті жеткізушілермен нейрондық желілер мен жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, бірыңғай бейнебақылау жүйесін құру туралы келіссөздер жүргізілуде. Жаңа оқу жылының басында қаладағы криминогендік ахуалы өзекті болып табылатын отыз аумақты қамтыған «Сергек» бейнебақылау жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Жоба іске асқан уақытта аталған «қауіпті» аймақтарда қылмыс саны азаяды деп күтілуде. Осылайша  қала тұрғындары мен қонақтары көшеде сергек жүріп, өздерін қауіпсіз сезінетін болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Жаяу жүргіншіге де жауапкершілік жүктеледі
  • Аялдама павильондары жаңартылуда
  • Адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер