Суды үнемдеудің жолын тапты

images.jpg  

 Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жақында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында  шаһардағы ТҮКШ саласындағы цифрландыруға тоқталып өтті. Мысалы, ауызсу шығарып, залалсыздандыру және тасымалдау жұмыстары автоматтандырылған. Судың қысымын реттегіштерді зерттеу арқылы сумен қамтамасыз ету жүйесі жұмысының оңтайлы режимін бақылау жүйесі ендірілді. « Осы іс-шаралар нәтижесінде 100 шақырымдағы апатты жағдай 45%-дан 33%-ға, ал апатты-қалпына келтіру жұмыстарының шығыны 31%-ға азайды», - деді  қала мэрі. Цифрландыруың нәтижесінде су шығаруға кететін электр энергиясының шығыны қысқарып, автоматты есептеу жүйесі әр адамға бір тәулікте кететін судың шығынын тәулігіне 456 литрден 118 литрге дейін азайтты. Бұған қоса биыл жаңа пилоттық жоба аясында электр энергетикасы, газбен жабдықтау салаларындағы табиғи монополия субъектілері ІоТ технологияларды енгізуде.

  Айта кетейік, селекторлық жиында Премьер-министр елімізде жүзеге асырылып отырған «Ақылды қалалар» жобасында үшінші мегаполис Шымкенттің барын да айтқан болатын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Жаяу жүргіншіге де жауапкершілік жүктеледі
  • Аялдама павильондары жаңартылуда
  • Адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер