«Ақылды қала» жемісін беруде

Bez-imeni-1-6.jpg    

 Елімізде «ақылды қалалар» жобасы жүзеге асырылып отырғаны белгілі. Жоба Шымкент қаласында да іске асырылатын болады. Бұл туралы   ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Жиында сөз алған  Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Әбдірахымов қазіргі таңда шаһардағы «Ақылды қала» жобасы бірнеше бағытта дамып келе жатқанын мәлімдеді. Олардың арасында денсаулық сақтау, білім беру, көлік, қауіпсіздік және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық салалары бар. «Мысалы, білім беру саласына келсек, мектепке дейінгі тәрбие беретін 459 мекеменің барлығына балалар автоматтандырылған жүйемен қабылданады, - деді әкім. Әкімнің айтуынша, соның нәтижесінде балабақшаға қабылдауға қатысты арыз-шағым 80%-ға азайды. 

 Қазіргі таңда бұл жүйе Шымкенттің барлық мектебіне енгізілді және өз нәтижесін беруде. «Бұған қоса 128 мектепте электронды журнал және «Күнделік» жүйесі енгізілген. Мобильді қосымшаны енгізу «мектеп – ата-ана – оқушы» байланысын түзіп, ата-аналардың бақылауын күшейтуге, олардың сабақ процесіне белсене араласуына мүмкіндік берді», - деді Ғ.Рахатоллаұлы. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кәсіпорындарда цифрландыру және технологиялық жаңғырту жұмыстары басталды
  • Алтынтөбе тұрғын алабын газбен қамтамасыз ету жобасы аяқталуға жақын
  • Қазақстан экономикасының өсуі: Cаннан – сапаға қарай
  • Шымкент қаласының әкімі құрылыс және абаттандыру нысандарын аралады
  • В Шымкенте прошла республиканская акция «Народный юрист»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер