Әкімдер жаңа жүйемен жұмыс істеуді бастады

522.jpg

Күні кеше Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қала активінің отырысында аудан әкімдеріне жергілікті тұрғындармен аптасына бір рет емес күн сайын кездесуді тапсырған болатын. Әкімнің тапсырмасына сай жаңадан тағайындалған әкімдер халықпен жүздесуді бастап кетті. Алғаш болып қала әкімінің орынбасары — Нұрсадық Ергешбек және Қаратау ауданының әкімі Исамидин Кантураев аудан аумағындағы «Тұран» шағынауданының тұрғындарымен кездесті. Ондағы халық басшылардың жұмысына сәттілік тілеп, жол мәселесін оңтайлы шешуді сұрады. Бұдан бөлек, «Асар 2» шағынауданына да ат басын тіреді. Аудан тұрғындары мектеп, ауыз су, жол және өзге де маңызды мәселелерін жаңа әкімге жеткізді. Басшылар қала орталығынан шалғайда жатқан шағынауданда жақын арада қоғамдық көлік мәселесі шешімін табатынын жеткізді. Қарапайым халықпен көбірек жұмыс жасау мақсатында әкімдер мұндай кездесуді енді жиі ұйымдастырып тұратын болады. «Әкім болсаң халқыңа жақын бол» деген осы шығар.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қала келбетін көркейткен инженер
  • Өз ісін мақтаныш еткен маман
  • Шымкентте Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті
  • В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии
  • Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер