Қала тұрғындары үнемдеуді біледі

image_750x_5b10d8cf17ded.jpg

2015 жылы Шымкент қаласының әкімдігі мен Даму бағдарламасының өкілдері арасында «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» жобасы аясында меморандум түзілген. Соның негізінде 2018-2020 жылдар аралығында экология саласы мен қалалардағы төмен көміртекті жобаларды дамыту, сол арқылы қала инфрақұрылымының тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шара жоспары қолға алынды.  Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) ОҚО бойынша үйлестіру орталығының жетекшісі Әбдімәлік Балбаевтың айтуынша, жоба аясында бүгінде Шымқалада бірқатар жұмыстар атқарылуда. Шымкент – Қазақстандағы пилоттық жобаның қатарына кірген 7 қаланың бірі. Көпқабатты үйлердегі жылу тұтыну, су, электрмен жабдықтау қызметі жүйесін жетілдіру – басты бағыттардың бірі. Тұрғын үйде энергияны бақылау және басқарудың арнайы автоматтандырылған жүйесін енгізу, энергия мен суды есепке алу құрылғыларын жаңғырту арқылы ғана энергияны үнемдей аламыз. Мамандардың есебінше, жүйелерді жаңғыртқан кезде жылу – 10 пайызға, электр энергиясы – 20 пайызға, суды пайдалану 40 пайызға дейін үнемделеді екен. Қалада сондай-ақ жаңадан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп-ұстау жұмыстары қолға алынуда. Әзірге Нұрсәт шағынауданындағы № 90, 89, 94 және 95 үйлер осы жүйеге көшкен. Бәріне де заманауи электронды қондырғылар орнатылыпты. Олар Ресей, Беларусь және Украина елдерінен әкелінген. Басқарушы компанияның құрамындағы бұл үйдің тұрғындары төлемдерді электронды түрде төлей  алады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер