"Шымкент-ситиге" қызығушылар көп

image_750x_5b0e6fc7138a9.jpg

Миллионер қала Шымкенттің мақтанышына айналғалы тұрған нысанның бірі – «Шымкент ситиде» де құрылыс жұмыстары жалғасуда. Шаһардың басты жобасына қызығушылық танытып отырған инвесторлардың қатары көбейіп келеді.   Қазіргі таңда жаңадан бой көтергелі отырған  шағынауданға «Hіghvіll», «BІ-Group»,  «Базис-А» секілді ірі компаниялар қолтаңбаларын қалдыруда. Өзге де құрылыс жұмыстарына жиырмадан астам жекеменшік инвестор кіріскен. Жалпы көлемі 427 гектар аймақта бой көтеретін бұл жаңа шағынауданда жеті мектеп, 23 балабақша, бір спорт кешені, бір кино-концерт залы, емхана, ірі бизнес орталық және көпқабатты 324 тұрғын үй бой көтереді. Қазір құрылыс компаниялары 31 үйді салып жатыр. Оның 14-і биыл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.


      Шымқалада көлік кептелісінің өсуіне байланысты айналма жолдың қажеттілігі туралы мәселе бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатыр. Бүгінде қала көшелерінде күнделікті қатынап жүрген көліктер саны 323 мыңнан асып жығылады. Облыс орталығында автокөліктер саны жыл сайын өсіп отыр.  Мамандар көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жоспарына сәйкес, 2020 жылы Шымкентте үш айналма жолдың құрылысы  аяқталатынын айтуда. Үш айналма жол қаланың оңтүстік,  шығыс және батысы аумағына салынады. Және айналма жолдың  көлемі  78 шақырым болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте есеп айырысу терминалы жоқ сауда орындары жабылады
  • Шымкентте коронавирустан бір адам қайтыс болды
  • Шымкентте бетпердесіз жүруге тыйым салынады!
  • Шымкентке кіретін және шығатын барлық жолдар жабылады
  • Шымкенттің жас ақыны бас жүлде – 1 млн теңгені жеңіп алды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер