Көпқабатты үйлердің қасбеті жаңаруда

image_750x_5b178264f3f92.jpg

Миллион тұрғыны бар Шымкентте ескіре бастаған көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылуда. Қазір осы бағытта жүйелі жұмыс атқарылуда. Жоспар бойынша биыл шаһарда жиырма көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті ретке келтірілмек.  Айта кетейік, бұл жұмыстарға сол үйлердің тұрғындарынан қаржы жұмсалмайды, бюджеттен де қаражат қаралмаған. Үйлердің қасбетін әрлеу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылатын игі бастамалардың бірі. Мұндай жобаны Елбасының өзі жүзеге асыруда тапсырған болатын. Әр үйді жаңартуға қажет экскизді қалалық сәулет бөлімінің мамандары жасап, бекіткен. Соған сәйкес үйлердің балкондары - қоңыр, ал қабырға ақшыл сары түске боялады. Салаға жауаптылар ретке келтіру жұмыстарын уақытылы аяқтаймыз деп отыр. Еске сала кетсек, Шымкентте үйлердің қасбеттерін жаңарту бағдарламасы бір жылдан аса уақыт бұрын қолға алынған болатын. Ондағы басты мақсат - қаланың көркін аша түсіп, жаңаша келбет қалыптастыру, үшінші мегаполиске  сай келбет  жасау.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабына 14 шақырым су құбыры жүргізілді
  • Көксайлықтар жаңа пәтерге қоныстанды
  • Көліктің «дәрігері» - автослесарь
  • «Таза Қала» атты профилактикалық іс-шарасы: Тазалық пен тәртіп- басты назарда
  • Президент Антониу Гутерришке алғыс айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер