Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Screenshot_8.png

Шымкент қаласында жұмыспен қамту орталығы  «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізді.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 жұлдызды күн» іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылған жәрмеңкеде  түрлі мекемелер мен кәсіпорындары тарапынан 700-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды. 

Жұмыс іздеушілер жұмыс ұсынған мекемелермен танысып, 135 азамат қаладағы ірі және шағын кәсіпорындарға тұрақты жұмысқа жолдама алды.

Жәрмеңкеде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігі мен мүмкіндіктері жөнінде айтып өтті. 

–Бүгінгі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде  жұмыс орындарын ұсынылып қана қоймай, жұмыс беруші мекемелердің сұранысына сай қажетті маман таңдауларына мүмкіндік береді. Қаладағы ірі кәсіпорындар жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрақты жұмыс орындарын ұсынып отыр. Бұл жұмыссыз азаматтардың тұрықты жұмыс орнын табуына мүмкіндік береді, -деді басқарма басшысы. 

Шымкентте биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 28 286 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланса, бүгінгі дейін 26 013  адам түрлі кәсіпорындар мен мекемелерге жолданған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер