Шымкентте жеңіл өнеркәсіп саласы тиімді жүзеге асуда

Халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруде жеңіл өнеркәсіптің алар орны ерекше. Оның тиімді жүзеге асуы тынымсыз еңбекті қажет етеді. Әсіресе, жергілікті тұрғындар арасындағы жұмыссыздықты жоюдың бірден бір юолы да осы жеңіл өнеркәсіппен тікелей байланысты. Сол себепті, әрбір мемлекет дамыған экономика мен халықтың қамын ойласа бірінші кезекте жеңіл өнеркәсіпке ден қойғаны жөн. 

image.png

Осы негізде Үшінші мегаполисте жеңіл өнеркәсіп тиімді жүзеге асуда. Оның қала экономикасын тұрақты ұстап тұруда әрі дамытуда алар орны ерекше. Биылғы жыл басынан бері Шымкент қаласындаға аталмыш өнеркәсіп өндірісінің көлемі артқан. Яғни, 11 621,5 млн. теңгені құраған. Демек ол былтырғы жылмен салыстырғанда 137,7%-ға артқан. Жалпы республика бойынша жеңіл өнеркәсіптің үлесі 20, 9% құраса, оның 3,9% Шымшаһарға тиесілі. 

image.png

Бұл Үшінші Мегаполисте жеңіл өнеркәсіп саласындағы тындырымды істердің молдығынан хабар береді. Мысалы, қала көлемінде тоқыма бұйымдары, киім-кешек пен былғары өнімдерін шығаратын кәсіпорындар көп. Олардың қатарында, «AZALA Textile» ЖШС, «Арайлы» ЖШС, «Жібек.Н.М.» ЖШС, «Гаухар» тігін фабрикасы ЖШС, «АГФ Групп» өндірістік компаниясы» ЖШС, «ALATEX» ЖШС, «Жаңаталап-МТ» ЖШС, «KAZPLAST» ЖШС, «Шабитекс» ЖШС, «AZALA Cotton» ЖШС, «Әлем-БТ» ЖШС, «Хлопкопром-Целлюлоза»  ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «Назар текстиль» сынды кәсіпорындар бар. 

Бұл елімізде жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуға мүмкіндіктер мол екенінен хабар береді. Бастысы отандық брендтерді қалыптастыруда жеңіл өнеркәсіп саласының алар орны ерекше екенін білген жөн. Сондай-ақ, осы салаға нақты бетбұрыстардың қажеттілігін көрсетеді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер