Тұрғындармен кездесу өтті

Screenshot_10.png

Шымкент қаласында тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Бұған  қала әкімінің инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп жатқан шағынаудандардың тұрғындарына атқарылып жатқан жұмыстарды түсіндіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Абай ауданы Нұршуақ шағынауданының тұрғындарымен өткен кездесуде азаматтар көз жеткізді.  

Кездесуге аудан әкімі Б.Парманов, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов және қалалық мәслихаттың депутаттары қатысты. Кездесуде шағынауданда атқарылып жатқан инфрақұрылым жүйелері бойынша салалық басқарма басшылары тұрғындардың сауалына жауап берді. 

Бүгінгі таңда мұндағы тұрғындарға «ЛТД Тұрмыс» ЖШС мен «Build Stroi» ЖШС мекемелері тарапынан аптасына екі рет 300-ге жуық үйге су тасымалданып, «Троя» ЖШС тарапынан 150 тұрғын үйге жеке меншік ауыз су жүйесі тартылып, қалған үйлерге ұңғымадан су берілуде. Мемлекеттік ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында «Бесқара» ЖШС тарапынан ішкі ауыз су жүйелеріне құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге Асар шағынауданынан Нұршуақ шағынауданына дейінгі магистралды су құбырының құрылыс жұмыстарын «Build Stroi» ЖШС жасап жатыр. 

Ал, электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізетін жеңімпаз мекеме анықталды, құрылыс шілдеде басталады. Қазір мемлекеттік электр жүйесі 4 көшеге жүргізіліп, 234 үй қамтылған. Қалған 32 көшедегі, 441 үйге жеке меншік жүйе тартылған. Шағын ауданның 2-ші бөлігінде әкімдік тарапынан 4 трансформатор орнатылып, 300-ге жуық үй қосылған. 

Сапалы табиғи газбен қамтамасыз ету үшін  жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде. Жобаны осы жылдың 2-жартыжылдығында аяқтау жоспарланып отыр.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан былтыр 15 көшеге 11 мың метр шағал тас төселген. Енді биыл 15 көшеге 6 650 метр жолға шағал тас төселмек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер